АЛТЫНОРДА
Новости

Балық өнімдері ұзақ өмір сыйлайды

Балық пен теңіз өнімдерін жейтін қариялар өзгелерге қарағанда екі жылға артық өмір сүреді. Гарвард университетінің ғалымдары балық майы қышқылының ұзақ жасауға себеп болатынын дәлелдеді.

«РИА Новостидің» хабар­лауынша, ғалым Дариуш Мозаф­фарян бастаған зерттеу тобы жасы 65-тен асқан 3000 амери­калықтың денсаулығын 16 жыл бойы бақылаған. Жоба аясында қариялардың әлеуметтік-меди­циналық көрсеткіштері, жүрек аурулары мен содан болатын өлім-жітімнің себептері талданды. Бақылауға алынған топ балық пен теңіз өнімдерін тұтынуына қарай екіге бөлінді: қанында омега-3 майлы қышқылы көп адамдар және қанында мұндай қышқыл аздар. Зерттеудің нәтижесінде үнемі балық жейтін қариялардың инсульт пен инфарктке өзгелерге қарағанда 35%-ға аз ұшырағаны белгілі болды. Орташа есеппен алғанда, мұндай қарттар басқа замандастарынан 2,2 жылға ұзақ өмір сүреді. Сол себепті гар­вардтық мамандар егде кісілерге аптасына кемінде екі рет майлы балық жеуге кеңес береді.

 

http://alashainasy.kz/world/41575/