Астана. 4 сәуір. Baq.kz – 5-12 сәуір аралығында Алматыда императорлық фарфор көрмесі өтеді, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.
«Алмалы» жер асты сауда орталығы «Императорлық фарфор» дүкенімен бірігіп Императорлық фарфор зауыты өнімдерінің көрмесін ашады. Оның негізі 1744 жылы Санкт-Петерборда Петр І қызы император Елизаветаның жарлығы бойынша қаланған.
«Императорлық фарфор» көрмесінде әртүрлі бұйымдар назарға ұсынылады. Олардың қатарында орыс көркем фарфорының атақты классикалық туындыларынан бастап классикалық фарфорды жаңа пластикалық өнерлерімен байытқан заманауи суретшілердің бұйымдарына дейін бар. Көрмеге келушілер шығыс ою-өрнектері бар фарфор вазалар, анималистикалық мүсіндер, белгілі авторлардың суреттері бар шәй, кофе сервистерінің әдемілігіне тамсана алады.