АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қазақстан Түркі әлемінде шын мәнінде көшбастаушы бола бастады

isina233-5 сәуір Ыстамбулда Екінші Дүниежүзілік Түркі форумы өтті.
Форумның жұмысына атақты саясаттанушы ғалым, саяси ғылымдарын докторы Алмагүл Исина пікірі:

Қазақстан Түркі әлемінде шын мәнінде көшбастаушы бола бастады. Форумда бұған көзім анық жетті. Бұрындары «Түркия жағы не дер екен? Жобалары бар ма екен? Бізде шақырады ма екен?» тб деп жәутаңдап отырушы едік. 20 жылда өте үлкен тыңғылықты жұмыс жүргізілген екен. Қазақстандағы Түркілік идеясының тынысы кеңейіп, жақсы игеріліп жатқан көрінеді. Форумда көпшілік туыстас бауырлар қалжыңдап болса да сұрап жатты. «Бұл өзі Түркінің Форумы ма? Әлде Қазақтың Форумы ма?» деп. Олай дейтін себебі:
1. Форумға демеуші болды еліміз (Эйр Астана). Эйр Астананың эмблемасы бар жерде ілініп тұрды.

2. Ресми және азаматтық тұлғалармен қоса алғанда (студент, магистрант, парламент, Түркі Кеңесінің өкілдері, ғалымдар, медиа органы өкілдері, Европадағы және Түркиядағы қандастарымыз тб) 100 шақты Қазақ қатысты. Барлық делегаттардың 4/1. Бұл үлкен көрсеткіш.

3. Қазақ баяндамашылардың ортаға тастаған ойлары мен пікірлері өте ойға қонымды, іске асуы мүмкін тұщымды істер болды.

4. Түркілік идеясын, барша Түркінің басын біріктіру идеясын қазіргі заманның ең маңызды механизмі медиа (ТВ, газет) арқылы насихаттауды да тыңғылықты түрде жүргізе білді. Форум кезінде Қазақстан Ұлттық телеарнасы 2 рет тікелей эфирден қосылды, Хабар ТВ де күн бойы көрсетті. «7 Күн» бағдарламасында көрсетеді. Мұндай істі шынын айту керек Түркиядағылар ойдағыдай атқара алмады.

5. Әсіресе Қазақ жастары тапжылмастан 2 күн бойы үлкен ықыласпен жасалған баяндамаларды тыңдады, сұрақтар сұрады, форумда белсенділік танытты. Бұл жағдай өте қуантарлық іс. Өйткені ұрпақтар арасындағы байланысты жастар ғой алға жылжытатын, демек бізде ондай ықыласты жастар көп.

6.Қазақстанның Түркиядағы дипломатия және халықаралық ұйымдардағы өкілдері үлкен белсенділік көрсетті. Құрметті Елшіміз Проф. Жансейіт Түймебаев арнайы келіп ашылу рәсімінде сөз сөйледі, ТҮРКСОЙ Бас Хатшысы Дүйсен Қасеинов ағамыз да 2 күн бойы істің басы -қасында болды. Ал, Түркі Кеңесі Бас Хатшы Орынбасары Проф. Дархан Қыдырәлі 3-4 айдан бері осы жобаны тікелей қадағалап, үлкен қолдау көрсетті. Бас Консулымыз Арслан Дандыбаев 4 күн бойы Қазақстаннан келген ағаларымызға қонақжайлық танытып, форумда болды. Әзірбайжанның Бас Консулынан басқа Түркі елдерінің дипломаттары мүлдем қатысқан да жоқ. Тіпті Түркмения делегаттардың форумға қатысуына рұқсат бермеді.

7. Қазақстаннан осы форумға ықылас білдіріп, өз мүмкіндіктерімен арнайы келіп қатысқан жас ғалымдар аз болмады.
8. Жастарымыз барлық Түркі халықтары өкілдерімен тіл табысу жағынан еш қиындық, кедергі көрген жоқ. «Қазақ жастары Европамен де, Түркілермен де тіл табыса алады екен. Ағылшынша, түрікше, орысша тамаша біледі екен деп» Европадан келгендер қатты таңғалысып жатты. Қысқаша айтатын болсақ, Түркі елдерімен жұмыс жүргізетін барлық каналдар бар екен елімізде, ендігі мақсат оны одан әрі ашып, кеңейте түсу…

Алмагүл ИСИНА

Источник: http://turk-media.info/?p=7884