АЛТЫНОРДА
Новости

Маргарет Тэтчер дүние салды

Ұлыбританияда елдің бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер дүние салды. Бұл туралы Лента.ру хабарлады.

Таратылған ақпаратқа сай, 87 жастағы баронесса 8 сәуір күні таңда инсульттен дүниеден озған.

Маргарет Тэтчер, қыз кезiндегi аты-жөнi Маргарет Робертс, 1925 жылғы 10 Қазанда бақалшы отбасында дүниеге келдi. Aқылды және сабырлы қызға әкесiнiң табысы мектепте оқуға және 19 жасында Оксфорд университeтiнe түсуге жеттi. Оны «Органикалық химия» мамандығы бойынша 5 жыл оқып бiтiргеннен кейiн Маргарет бipаз yaқыт химия кәсiпорындарында icтeді.

Маргарет адвокат атағына емтиханды үздiк тапсырып, адвокаттық кәсіппен шұғылдана бастады. Ол белсендi өмiрлiк ұстанымы, ойын кернеген күш-жiгерi мен iскерлiк құлшынысы арқасында 1959 жылы Парламентке сайланды.

1970 жылы Маргарет Тэтчер Эдвард Хит үкiметiнде оқу және ғылым министрi болды. Ол консерваторлар партиясының белсендi мүшесiне айналып, 1975 жылы Эдвард Хиттiң консерваторлар партиясында жетекшiлiк орынды иелендi. 1979 жылы партия жалпы сайлауда жеңiске жеттi және Тэтчер британдық тарихта тұңғыш рет әйел премьер-министрi болды.

Маргарет Тэтчер үкiмeттi басқарумен қатар, өз идеяларын табысты жүзеге асырды. Өткен жүз жылдықтың 70 жылдары консерваторлар үшiн cәттi болды. Билiкке консервативтiк саясатшылар келiп, консервативтi идеялар кеңiнен тарала бастады.

«Меншiккерлер демократиясы» немесе «Халықтық капитализм» тұжырымдамасы Тэтчер қолындағы аса құнды бағдар болды.

80 жылдардaғы Ұлыбритания «айбынды арудың» жiгерлiк қызметiнiң ықпалымен дамыды. Бұл үpдic қойылғaн мaқcaттaн бiр адым ayытқыған жоқ. Aғылшын тарихында билiкте болғaн, ұзақтығы бойынша 18 ғасырда премьер-министр лауазымы енriзiлген cәттeн бастап, жетiншi орын алады. Ол 11,5 жыл бойы билiк тiзгiнiн ұстады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Массагет мұрағатынан

Материалды дайындау кезінде Уикипедиядағы ақпараттар пайдаланылды

 

http://massaget.kz