Қазақстандық жас режисер Даир Қаракеев «Таңдаулылар» («Избранные») атты кинофильм түсірді.
«Даир осы кинофильмі арқылы көрерменіне динамикалық оқиғаларға толы қойылымдарды тарту етуге уәде беріп отыр. Жақында ғана ол өз жұмысын аяқтады», — деп хабарлайды «Экспресс К».
Кинолентаның алғашқы бөлімі қараша айында көрсетіліп қойған еді. Оқиға кәрі ғалымның адам ДНҚ-сының құрылым өзгертетін дәрі ойлап табуынан басталады. Ал «Таңдаулылар 2» кинофильмі соның желісімен жалғасады.
Даирдың сөзінше, оның картинасы америкалық «Батырлар» телехикаясын еске салады. Ағайындылардың рөлін Роман Черников пен Төлеген Саттай ойнайды. Екеуі екі ұлттың азматы болғанымен бір-біріне қатты ұқсайды. Өйткені Романның бойында қазақтың да қаны бар.
Фильмдегі трюктердің бәрін актерлердің өздері орындаған. Ол үшін каскадер жасауға режисердің қалтасы көтермепті. Фильмнің бірінші бөлімін түсіруге бір жыл, ал екінші бөліміне бар болғаны бір ай ғана уақыт кеткен.
Даир Қаракеев қаржыгер мамандығы бойынша білім алуда. Ол болашақта АҚШ-та екінші режисерлік жоғарғы білім алуға ниеттеніп отыр. Қазір режисер туындысын жарыққа шығару үшін қазақстандық кинотеатрлармен байланыс орнату жұмыстарымен айналысып жүр.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан