АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстанда биыл қыз балаларға папилломаға қарсы екпе жасау жобасы басталады

АСТАНА. 22 сәуір. Baq.kz — Қазақстанда осы жылы 11-12 жастағы қыз балаларда кездесетін сүйелді ісікке қарсы (папилломма) ерікті түрде жүзеге асатын екпе жұмыстарын пилоттық кезеңде жүргізужоспарлануда деп хабарлайды Медициналық көмек көрсету ұйымдары департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева Рrimeminister.kz сайтына сұхбат беру барысында.

Екпе жұмыстары басталғанға дейін жұртшылық арасында кең ауқымды түсіндіру шаралары атқарылатын болады. Бүгінде министрлік мамандары мектептерге таратылатын ақпараттық материалдар әзірлеуде. Егу жұмысы тек қана, ата-аналардың келісімімен ерікті түрде ғана жүргізілетін болады, — дейді Ажар Төлеғалиева.
Бүгінде сүйелді ісікке қатысты вакцина қабылдауды АҚШ, Канада, Еуропа мен Азияның 22 елі, Латын Америкасы мен Африка және Тынық мұхит аймағындағы бірқатар елдер секілді 70-ке жуық мемлекеттер міндетті деп санайды. Ал бұл екпенің қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты мәселемен Дүниежізілік денсаулық сақтау ұйымы үш қайтара айналысып, ешқандай теріс реакция мен қайшылықтар анықтамаған. Сонымен қатар, екпе жұмыстары жүргізіліп келе жатқан 9,5 жыл ішінде ешбір келеңсіз жайттар тіркелмеген.

http://www.baq.kz/kk/news/26810