АЛТЫНОРДА
Новости

Астана неге алабажақ?

Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев қа­ланың әрі қарайғы дамуы барысына арналған кеңес­те Астана қаласындағы ғима­раттардың сұр­ғылт, сүрең­сіздігіне назар аудартты. Ас­тананың түсі қандай болуы ке­рек?


Архите
ктура – мемлекеттік саясат

Қаланың сыртқы келбеті оның ішкі мазмұнынан хабар береді. Қала сәу­леті – оның мәдениетінің ажырамас бөлігі. Таяуда Қазақстанның басты екі қаласында болып қайтқан жапон жур­налисі әңгіме арасында: «Астана – тым жасанды көрінеді. Алматының сүй­кімділігі басым», – деді. Ол «жа­сан­­ды» дегенде осындағы көшірме ғимараттардың көптігін меңзесе керек.Жақында орталық көшелердің бірімен бойлай өтіп бара жатып, «ағылшын» кварталы жарнамасын көзім шалды. Мұнда келешекте астаналықтар Тұ­ман­ды Альбионның астанасында жүргендей әсерге бөленбек. Олардың да ағылшындар тәрізді шағын «биг-бені» мен қызыл түсті телефон буд­ка­лары болады… «Қала романсы» жобасы аясында тағы да «араб», «қытай», «жа­пон», «италиялық» және тағы басқа квар­тал­дар салынбақшы. Астанадағы 55 гек­тар жерде әлемнің ірі мемлекет­терінің мәдениеттері осылай көрініс таппақ…

Нью-Йоркте де «қытай», «корей» кварталдары бар. Бұл аудандар осы елдің мейрамханалары мен дүкендеріне лық толы. Бірақ сол 100 мыңға жуық адам тұратын «қытай» кварталынан қытайлық стильдегі кішкентай ғи­ма­рат­ты көрмедік. Ал Астанадағы «Бей­жің палас» тәрізді орталықтан қы­тай­лық зәулім сарай тұрғы­­зу кә­рі Нью-Йорк үшін ақылға сыймас еді. Ам­ери­калық қытайлар сол 100 жыл бұ­рын­ғы нью-йорктік биік-биік үйлердегі тар пәтерлерінде ғұмыр кешуде. Қы­тай­лар осы қалада еркін өмір сүріп, кәсіп­­­керлікпен айналысып, қанша шоғырланса да, өздерінің Америкада екендіктерін еш ұмытпайды.

Белгілі сәулетші, қазақ Елтаң­ба­сының авторы Жандарбек Мәлібеков ар­хи­­тектураны мемлекеттік саясат, иде­ология көрінісі санайды. «ХХ ғасырдың басында АҚШ-та Нью-Йорк, Чи­к­агода неге аспанмен таласқан үй­лер салынды? Дәл осы кезеңде Морган, Форд сияқты алпауыттар мемлекеттің өнеркәсібін жаңа деңгейге шығарды. Араб Әмірлігі, Сингапур, Оңтүстік Ко­рея­да ғажайып ғимараттардың бой кө­теруі – осы елдердің әл-ауқатының белгісі ғана емес, басқа мемлекеттерге сұс көрсетудің де нышаны. Архитек­тура – ішкі және сыртқы саясатты көз­дейтін, елдің әлеуметтік жағын көр­сететін идеология», – дейді белгілі сәулетші. Осы тұрғыдан алғанда, Астанадағы үлгісі өзге елдерден «әкеліне» салған ғи­мараттарға қарап, олардың басқа мем­лекеттердің тарихы мен мәдениетін насихаттаудан басқа қандай мән-мағынасы барын топшылаймын. Мысалы, Париждегі әйгілі «Триумфтық арканы» алайық. Триумф – көне Римдегі әскердің соғыстан жеңіп, астанаға оралуын білдіретін ұғым. Сондықтан кезінде Наполеон «ұлы әскерінің» жеңісінің көрінісі ретінде осы арканы бас қаласында тұрғызды. Бі­р­­ақ бұл ескерткіш – тек қана тарихи ескерткіш қана емес, француз хал­қының жеңісінің, күш-қуатының сим­волы. Мәселен, оның биіктігінің – 49,51 метр, енінің – 44,82 метр екендігі бі­раз ойға қалдырса керек. Ал енді «бес Франция» сыйып кететін Қазақс­танның астанасында одан екі есе кіші «Триумфтық арканы» (ұзындығы – 21.5 метр, ені – 13 метр) тұрғызудың мәнісі қандай? Қазақ елінің күш-қуатын, жерінің кеңдігі мен әлеуетін көрсететін ескерткіш ойлап табатын сәулетшілер қайда?

«Сұрғылттан басқа ештеңе жоқ»

Мемлекет басшысы сәулетшілерде креативті идеяның тапшылығын талай сынаған. Осы жолы да Астанадағы әрбір үй өзінің сәулеті мен сапасына қа­­рай бірегей болуы тиіс екендігін баса айт­­ты. Сонда ғана үйлердің салы­нуы­на жер бөлініп, рұқсат етілуі тиіс. Мысал ре­тінде ол «Базис-А» компа­ния­сының үй­лерін тілге тиек етті. «Компания «Астана опера» жаңа театры қасынан қорап-үйлер салуда. Адамдар келеді, тар­тымды жерді қар­мап қалды: бір жағынан театр, мын­да – «Хан Шатыр», мында – қонақүй, енді олар не көреді? Мен ішінің қандай екенін білмеймін, сыртқы келбетіне назар аударамын: қара, сұр, қоңыр бояулар», – деді Пре­зидент.

Ол Астана билігіне қаланы әше­­кейлеу ісіне қатысты тәсілді өзгерту ке­рек­тігін ескертті. «Мен сіздерге қанша­ма рет айттым, біз оң жағалау­-ды са­­ла бастағанда, айтқан едім: мына жақ­та 6 ай қыс, жасыл-желек жоқ, ғима­рат­тардың өздері, үйлер қаланы әр­лен­діруі тиіс, ол жерлерде күн шуа­ғы тө­гіліп тұруы керек. Қай бояу ең кө­бірек келеді? Бір жерде бұл алтын түс­тес, көк және ақ пен көк аралас­қан, сәулетші оның бәрін қадағалауы тиіс», – дейді Мемлекет басшысы. Президент әртүрлі кварталдардың са­лынатын­дығына қатысты да өз пікірін білдірді. «Италиялық, тағы басқа квар­талдар сала­мын деп айттың…Өзен­де катермен жүріп, олар нені көреді? Оның ита­льяндық екенін кім көреді. Осы жерді алатын кезде қандай бояу­лар, қандай суреттер болатынын айт­тың…Сұр­ғылттықтан басқа ештеңе де жоқ», – деді Мемлекет басшысы құ­ры­лыс ком­паниясының басшысына. Белгілі сәулетші Шоқан Матайбеков әрбір жоба талқыланған кезде қалалық құрылыс салу кеңесінде олардың сыртқы келбеті ғана емес, түстері де сөз болатындығын айтады. Сәулетшінің бастапқы идеясы толық жүзеге ас­қанша мың құбылады. Себебі кеңесте сәулетшіден өзге қалалық әкімшілік, құ­рылыс компаниясы өкілдері де бо­лады. Ғимаратты салатын тапсырыс беруші үнемдеу мақсатында сәу­лет­шінің ұсыныстарын толық жүзеге асыр­мауы мүмкін. «Тапсырыс беруші ғимаратты арзанға салуға ұмтыла­ды. Ал олар ар­хи­­тектура мамандары емес», – дейді Мәлібеков.

Оның айтуынша, «шетелдерден бір ғимараттар үлгісін әкелуді жаңашыл­дықты енгізу деп қабылдайтындар бар». Бірақ ұлттардың әртүрлі бола­тындығы тәрізді олардың сәулет өнері де сан алуан. Мәселен, әр халықтың ұлттық сәулет өнерінің негізінде сол елдің табиғи, діни, мемлекеттік фак­торлары тұрады. Ұлттық сәулет өнері халықтың күнделікті өмірімен тығыз байланысты. Ғимараттардың ерек­шеліктері, фор­малары, тіпті түстері де сол халықтың мі­нез-құлқынан, тұр­мыс-тіршілігінен ха­бар береді. Мыса­лы, жұмсақ сызық­тар кең дала мен шө­лейт тұрғындарына тән болса, нақ­ты, анық линиялар праг­ма­ти­калық еуро­палықтарға жақын деп саналады. Қазақ халқының дүние­ таны­мын­дағы түрлі бояуларды Астананы әше­кей­леуде дұрыс қолдана білу керек деп ес­е­п­тейді Мәлібеков. Мысалы, «көк ас­пан», «ақшаңқай киіз үйлер», «Са­рыарқа» деген сөздердің өзі қазақ ұлтының қандай түстерге басымдылық беретінін дәл аңғартса керек. Оның айтуына қарағанда, «жылы және суық түстер» деген ұғым бар. Яғни ауа райы ерекшеліктеріне байланысты Батыс елдеріне күңгірт, қара тәрізді суық түстер жақын болса, қазақтың қолөнер туындыларына қарап, қазақ халқына ақ, көк, сары тәрізді ашық, жылы түстер тән екенін білуге болады. «Осы бояуларды пайдалансақ, ғи­марат­тарға өзіміздің ұлттық сипатымыз да кіреді», – дейді сәулетші.

Астанада әртүрлі бояуларды пай­да­ланудың ұтымды үлгілері де бар екенін айтады Матайбеков. Мәселен, «қызыл аудан», «водно-зеленый буль­вар», «Бәйтерек» өзіндік ерекше түстерге ие. Сәулетші ашық бояулар­ды қол­данған кезде сол жердегі басқа ғи­марат­тар, табиғи көрініс қоса ескері­луі керектігін айтады. Архитектурада бояудың озық пайдалану үлгісі ретінде ол Париждегі Помпиду орталығын мысалға келтіреді. Бұл жоба кезінде 680 кон­курстық жұмыстардың үздігі ре­тін­де таңдап алынып, жүзеге асқан. Он­да арматуралық жалғауыштар ақ түс­­пен, желдеткіш тұрбалар – көк, су желіс­тері – жасыл, электр өткізгіш-тер – сары, эскалаторлар мен лифті-лер – қызыл түске боялған. Қазіргі таң­да бұл ғажайып орталық жылына 6 млн ту­рис­ті тартып отыр. Астана да әр ал­уан бояуларды пайдалана алады. Бірақ қа­ла алабажақ болмай, түстер мұнда үй­лесім табуы тиіс дейді сәу­летші.

Айжан КӨШКЕНОВА

http://www.aikyn.kz