Қазақстан халқының бірлігі күні аясында Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев татулық пен бірліктің қанат жаюына үлес қосып жүрген бір топ адамды Қазақстан халқы Ассамблеясының наградасымен марапаттады. Аймақ басшысы «Бірлік» алтын медалін Қарағанды гуманитарлық колледжінің директоры Есжан Әміровке, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, еңбек ардагері Сұлтан Досмағамбетовке, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Шахтерское» ЖШС директоры Георгий Прокопке, Қарағанды қ. №2 психоневрологиялық медико-әлеуметтік мекемесінің директоры Жақсыбек Сәбитовке, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Авги» Қарағанды грек мәдени орталығы» қоғамдық қорының төрағасы Константин Текинидиге тапсырды.
Олар бұл жоғары наградамен ұлттық бірлдікті, мәдениетаралық диалог пен қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан еселі үлесі үшін марапатталды.
Салтанатты шарадан кейін Бауыржан Әбдішев этномәдени бірлестіктердің көрмелерімен танысып, олардың өкілдерімен сұхбаттасты.
Қ.Жұмағалиұлы