АЛТЫНОРДА
Новости

Астанада филологтар съезінде тiл мен әдебиеттi оқыту мәселесі талқылануда

Бүгiн Астанада отандық филологтардың тұңғыш съезi аясында «Тiлдердiң үштұғырлығы. Мемлекеттiк тiлдiң қазақстандық жастарды топтастырудағы рөлi және оны үйретудегi жаңа әдiстер» тақырыбында бiрiншi секциясының жұмысы басталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Аталмыш съезге отандық филология тарихында тұңғыш рет педагогтар, оқытушылар, ғалымдар, сарапшылар жиналып, Қазақстандағы бiлiм беру мәселелерiн талқыламақ. Шара Қазақстанның әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне интеграциялану аясында тiл мен әдебиеттi оқытудың сапасын арттыру жолын анықтауды мақсаты тұтып отыр. Басқосуға елiмiздiң 16 өңiрi мен 12 мемлекеттен 550-ден астам делегат қатысуда.

Сонымен қатар, съезд аясында «Ұстаз — ұлы есiм!» филолог ұстаздар туралы фильмдердiң бiрiшi республикалық фестивалiнiң жеңiмпаздарын салтанатты марапаттау жиыны өткiзiледi. Оған республикадан 42 фильм ұсынылған.

 

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА


http://www.bnews.kz/kk/news/post/138996/