АЛТЫНОРДА
Новости

Алматыда қазіргі қоғамдағы мұражайлардың рөлін талқылайды

Алматыда «Ғылым ордасы» РМК кешенінде Халықаралық мұражайлар күніне арналған «Жаңа қоғамдағы мұражайлардың рөлі» атты салтанатты шара өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі қалалық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасай отырып.
Бүгін «Ғылым ордасы» РМК-де қазіргі Қазақстандағы мұражай ісінің проблемаларын қарастырады, жаңа қоғамдағы мұражайлардың маңызы мен рөлі, мұражайларды дамытудағы жаңа басымдықтар, жаңа технологияларды қолдану мәселелері талқыланады.

Көбелектер көрмесі, нумизмат-колекционерлердің, қолөнершілердің көрмесі, мұражайлардың жетекші қызметкерлерін марапаттау, фуршет, мұражайлардағы экскурсия шара бағдарламасына еніп отыр.

Салатантты шараға қаладағы мұражайлардың басшылары, муниципалдық органдардың, Қазақстан туристік қауымдастығы және туристік компанияларының өкілдері, ЮНЕСКО мәдениет бюросы мамандары қатысады.

«Ғылым ордасы» РМК-ның бас директоры Қаріпжанова Роза беташар сөз сөйлейді.

Халықаралық мұражайлар күні 1977 жылы Халықаралық мұражайлар кеңесімен (ІСОМ) бекітілген болатын. Отыз жылдам астам уақыттан бері бұл мереке әлемнің 150-ге жуық елінде атап өтіледі.

 
http://www.bnews.kz/kk/news/post/139135/