АЛТЫНОРДА
Новости

«Ferrari Әлемі» — автосүйерге арналған ең ірі саябақ

Абу-Дабидің Яс аралында орналасқан «Ferrari Әлемі» тематикалық саябағы автосүюшілер үшін нағыз жәннат. Ес кетіретін аттракциондар, таңдаулы итальян тамағы ұсынылатын мейрамханалар, фирмалық дүкендер – мұнда балалардан бастап ересектерге дейінгі кез келген адамның көңілінен шығатын көңіл көтерер орындар жетерлік.

Саябақ бүкіл Яс аралын алып жатыр – өмір стилі демалу болып саналатындарға арналған біртұтас ойын-сауық орталығы. «Ferrari Әлемі» әлемдегі ең үлкен жабық саябақ болып есептеледі. Оның аумағы 2500 гектар жерді құрайды. Оның құрылысына 5 жыл уақыт кеткен және 2010 жылы ол өзінің алғашқы қонақтарын қарсы алды.

«Ferrari Әлемінің» басты ерекшелігі ретінде Ferrari GT-дің иілген профилін қайталаған алып шатырын айтуға болады. Шатырда аталған маркалы көліктің үлкен логотипі орнатылған. Оның көлемі 65 метрге 48,5 м. Биіктігі 50 метр болатын шатырдың қақ ортасында әйнек шұңқыр бар. Шатырды ұстап тұру үшін 12 370 мың тонна болат жұмсалған екен.

Ferrari саябағы шынымен де БАЭ-нің ең басты ойын-сауық орталықтарының бірі деп санауға тұрарлық. Дегенмен, бұл елдің байлығын біле тұра, назар аударарлық жерлердің көптігіне таң қалудың қажеті жоқ шығар.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: kulturologia.ru

http://massaget.kz