АЛТЫНОРДА
Новости

ҰБТ кезінде ауыл оқушыларына қандай жеңілдіктер қарастырылады?

вАСТАНА. 26 мамыр. Baq.kz – Әне-міне дегенше оқу жылы аяқталып, мектеп бітірген түлектер тестілеу науқанына соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Әсіресе, ауылдық елдімекендерде тұратын жастар алаңдаулы. Жылда кішігірім жеңілдік алатын ауыл оқушыларына биыл қандай көмек көрсетілмек?

Дәл осы сұрақпен Ақмола облысы Бұланды ауданында тұратын Елена Калиновская есімді жас түлек облыс әкіміне шығып отыр. Қ.Айтмұхаметовтің блогына хат жазған қыз ауыл оқушылары биыл назардан тыс қалып кетпесе екен дейді.
«Мен Новобратское селосындағы мектепті бітіріп отырмын. Өзіңізге белгілі, шалғай елдімекендерде оқыған жастардың біразы үлкен университеттерге түсе алмай колледжде оқып жатады. Оны тәмамдағаннан кейін қайта ауылға оралуға мәжбүр. Ал, ауылда жұмыс, жастарға қолдау деген атымен жоқ. Тек санаулы жастар ғана ірі ЖОО-ларға түсіп, қалада жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Мен де университетте оқып, қалада қызмет атқаруды мақсат етіп отырмын. Бірақ, грантқа түсе алмасам ақылы оқуға жағдайым жоқ. Облыс әкімдігі тарапынан мұндай жастарға қандай қолдау көрсетесіздер?» дейді жас түлек.
Қосман Айтмұхаметов болса үлгерімі жақсы, талапты және дарынды студенттерге облыс әкімінің стипендиясы берілетіндігін айтып отыр. Ол үшін студент Қазақстанның азаматы және Ақмола облысының тұрғыны болуы тиіс. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан жандарға да дәл осындай жағдй жасалмақ.

http://www.baq.kz/kk/news/29079