АЛТЫНОРДА
Новости

Ағалар рухына тағзым

пол1997 жылы республика Президентінің Жарлығымен  «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп  жарияланғандығын  сол  кездегі  қуғын-сүргін  көріп  қудаланған «халық жауы»  деген қылмыс тағылған  отбасының бір мүшесі ретінде өз басым Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілек білдіре отырып, уақыт куәсі ретінде қабылдадым. Сталиндік  репрессияға ұшырап, жазықсыз «халық жауы» құрбандарының  бірі менің туған ағайым Омар Дәуітұлы Саурамбаев болды.

Сол, кешегі зұламатта азаматтың құқығы «халық жауы» аталынған Омардың отбасының  мүшесі, інісі ретінде аға рухына бас ие отырып, менде тебірене қолыма қалам аламын.    «Омар халық жауы болып ұсталып, түрмеге жабылыпты» деген сөзді естігенде халық Омар «халық жауы» болса қалған ел не болмақ? Кім болмақ? Деп күңіреніп, үлкендер «тәуба» деп жағасын ұстаған-ды. Бұл шындық еді.

Сонда «халық жауы» ретінде он жылға сотталған Омар Саурамбаев кім еді? ҰҚК-гі мұрағатқа жүгінсек: Саурамбаев Омар Дәуітұлы  20-мамыр 1915 жылы Талды-қорған облысы Октябрь ауданы Қоңыр-өлең ауылында туған. ұлты: қазақ, әкесі Дәуіт Ұлы октябрь революциясына дейін байдың шаруашылығында еңбек еткен. Омар 1930жылға дейін әкесінің қолында тұрып, ауыл мектебінің 4-сыныбын бітірген.

1931-1932 ж.ж Қапалы Кеңестік партия мектебін бітірген және Шымкент қаласындағы ауыл-шаруашылық мамандарын қайта даярлау курсын оқыған.  1932-1934 ж.ж Октябр ауданы Молтов колхозының хатшысы, сонымен қатар есеп жүргізушісі болып қызмет атқарған. 1932 жылдың 7-тамызындағы Заңы бойынша 1933 жылы мал ұрлаған деп жала жабылып 10-жыл бас бостандығынан айырылған.

Бұдан кейін Саурамбаевқа байланысты халық сотының шешімін жою туралы соттың ұйғаруына сәйкес бір жылға мәжбүрлік жұмысқа қалдырылған. 1934-1936 ж.ж Октябрь ауданы Қоңыр-өлең ауылдық кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарды. 1937 жылы 110- баб бойынша өкімет билігін шектен шығарғандығы үшін бір жылға шарттылықпен сотталған. 1937 жылы ҚК 74 бабының 1 бөлігі бойынша бұзақылығы үшін Октябрь халық соты ескерту берген.

1938-1940 ж.ж  «Қой өсіруші» газетінің жауапты редакторы болып қызмет атқарды. 1940—1942 ж.ж  Октябрь ауданының  орталығы  Көктал селосының  хатшысы, одан кейін «Социалистік жол» газетінің редакторы болып қызымет атқарды. 1942 жылы Октябр ауданы Ынталы колхозында мал шаруашылығы бойынша төраға орынбасарының қызметін атқарды. 1942 жылы КП (Коммунистік партия)       мүшесі болып, осы жылы КП қатарынан шығарылып қамауға алынды.     08.1942- 04.1943ж.ж Ұйғыр ауданы Сартоғай ауылында қамауда болып, ҚК 109 және 128- бабы бойынша Саурамбаев Омар 5-жылға бас бостандығынан айырылып сотталған. Облсоттың шешімімен 109 бабы бұзылып, 128- баб күшіне қалдырылған. Көп уақыт өтпей денсаулығына байланысты қамаудан босатылады.

1943-04 1943 ж.ж уақытша жұмысыз. 04.1943-1945 ж.ж Октябр ауданында мемілекеттік қамтамасыз ету бойынша халықтық комиссариат тапсырысының өкілетті агенті болып қызымет атқарған. 1945жылдың 24-сәуірінде Талды-қорған облыстық НКГБ-нің Октябрь аудандық бөлімімен қамауға алынған. «Саурамбаев Омар Дәуітұлы Кеңестік өкіметтің жеңіліп қалу жағынан сипатталатын үгіттерді жүйелі жүргізгендігі, сонымен қатар жалған ойлармен өкімет пен партия шараларын жамандағандығы үшін.

ҚК 58.10- бабының 2 және 58.11-бабы бойынша айыпталды. 1945 жылдың  8-9-тамызында Талды-қорған облысының қылмыстық істер бойынша соттың көшпелі сессиясының үкімімен ҚК 58.10-бабының 2 бөлігі бойынша Саурамбаев Омар Дәуітұлы 10-жыл бас бостандығынан айырылған».деген дерек қолымызға немересі Ерліктің ізденісі арқылы  2006 жылы 30-қарашада тиді. Мұрағат бастығы С.Щербовских.

Әлібек бабамыздан- Саурамбай, Қорабай, Сарбағыс.кезінде ауқаты бай адамдар болған. Қорабай мен Сарбағыс мен туылған жылдары басқа жаққа қоныс аударылған екен, олардан хабар үзілген,олардың тұқымдары бар ма жоқ па білмеймін.Қорабайдың немересі  Сабыр табылды генерал екен деп Ерлік баламнан естіп едім иншала жақсылық болсын. Саурамбай Әлібекұлы дәулеті асқан бай адам болыпты. Көктастыдан аққан су Саурамбайдың көк-ала үйір жылқысы су ішкенде аяғы құрғап қалады екен.

Қайтыс болғаннан кейін атамыздың басына үлкен де биік етіп тастан қорған тұрғызыпты. Тасын (байдың моласы деп) кейінен Қоңыр-өлеңнің үстінен тас жол түскенде қорғанды бұзып тасын жолға төсетіпті.Сол атамыздың қорғанының орны Қоңыр-өлеңнің басында әлі қаз-қалпында тұр. Біз ұрпақтары барып тәу етіп тұрамыз. Бір айта кететін жайт Омар ағайымыздың «Халық жауы» деп ұсталғанда куә болған ақиқат, осы тас қорғанның тұрғызылуы, Саурамбай атамыздың бай болғандығы куәге тартылыпты.Ал Дәуіт әкеміз қарулы, күштің иесі, екі саны екі баладай сайыскер, тақымшыл, асаудың құлағында ойнайтын, жастайынан Саурамбай атамыздың жылқысын бағып күндіз-түні ат үстінде бейімделіп, ұры қараға жылқының бір тұяғын бермейді екен.

Мен жеті жасымнан бастап ағайым Омардың тәрбиесінде болдым.Ағаның әдеби кітаптары көп болушы еді. Менің алғашқы оқыған «Адасқандар», «Жұмбақ жалау» т.б.көптеген кітаптар менің кітапқа деген сүйіспеншілігімді арттырды.Омар ағам өте сері адам еді. Омар аға өзіде көп оқитын және әңгімені жақсы айтушы еді. Мен, Омар ағайымызды ұстап, Көктал түрмесіне әкелді дегенді естіп жылап, түрменің қақпасына барғанымда қазақ милиционері (ол кісі әлі бар) кет, байдың тұқымы, «халық жауының» күшігі, ендігәрі келетін болсаң сені де қамаймын деп мені шырылдатып түрме қақпасынан қуғанын қалай  ұмытасың.

Ал, Омар ағамен бірге тұтқындалған тағдырлас, 1907 жылы Октябрь ауданы  Қызыл-эспе ауылында туған,  Кіндікбаев Зейнелде бұрынғы аудандық газеттің  тұңғыш редакторларының бірі болған, халық мұғалімі, «Соц жол» колхозының мектеп директоры, ҰОС мүгедегі болатын.

Бар өмірбаяны осы, баспа сөзде қазір де жазып жүргендей, бұл азаматтардың «халық жауы» деген құқығына қара таңба басып, адамгершіліктерінің тапталуына Сталинің және оның жендеттері Ягода, Ежов,Берияның қан-құйлы да озбырлы тобы ғана кінәлі емес, ең алдымен қиянатшыл үстемдіктің ниетін асыра орындауға тырысқан «Ә» десе «Иә» деген қазағымыздың  қаладағы, ауылдағы, жер-жердегі шолақ белсенділері кінәлі емес пе екен деймін. Егер олар өз қазағын, өз туысқандарын, тіпті дәмдес-тұздас жүрген жолдастарын өздері тізіп бермегенде осынша ма адал ниетті азаматтар, жазықсыз жандар, саяси қуғын-сүргінге ұшырап, абақтыға қойдай шуатылмас еді.

Бұған дәлел Омар Саурамбаев пен Зейнел Кіндікбаевқа  Хорғастан Матайға дейін: Сарыбел, Садыр, Үлкенағаш, Китің, Бұрақотыр, Қарамола, Айдарлы құм, Дарбаза құм, Аралдан (Ақарал, Үшарал) Аралтөбе, Ақтөбеге дейін, тіпті асудың ар жағынан көрші ауданнан қаралаушы куәгерлер іздеген.

Омар мен Зейнелдің нағыз «халық жауы» екенін бұлтартпас үшін, осы ниетпен жер-жерден жиналған куәгерлерді, НКГБ-нің жандай шаптарының ұзын санын 570 адамға жеткізгенін айтса да болады. Қазір де, сол кездегі куәгерлердің жер басып жүргені бар болар. Олар осы адамдардың өміріне қанша ма қиянат жасағанын ұмытқам да жоқ.

Сонымен Омар Саурамбаев пен Зейнел Кіндікбаевты бір жылдай тергеп, сүлдері қалғанша қинап, ақыры «халық жауы» екендіктерін кінәсіз болса да күштеп мойындатып екеуіне он жыл түрме кесіп бас бостандығынан айырып бірін Сібірге, бірін Семей түрмесіне айдады да жіберді.

Бұлардың тергеу кезіндегі, одан кейінгі түрмедегі көрген жан азабын, зұламатты кезеңді жеткізу бұл кезде қиынның қиыны. Әттең, марқұмдар өздері тірі болғанда қазіргі қуғын-сүргін көргендермен кездесіп жатқандай жағыдай болғанда тебірене тұрып азапты жолда көрген қиыншылықтарын,бастан кешкен жан түршігерлік батпан азабын, халық алдында айтқан болар еді, оған не шара?   Осы бір сөздерді жазып отырғанда маған белгілі жазушы Шерхан Мұртазаның (әр кім-ақ оқыған болар) «Қызыл жебесінің» төртінші кітабы «Тамұқтағы» Тұрар Рысқұловтың түрмеде шеккен жан азабы, жан түршігерлік мүшкіл халі. Аяулы Тұрардың жан-жары Әзизаның түрмеде кәрген жанкешті өмірі, арттарында шырылдап қалған бауыр еті, бейкунә балаларының болмысы ойыма түсіп, жанымды езіп, біздің де бастан кешкен тауқыметімізді көз алдыма әкеліп, ойға түрткі болды.

Иә Омар ағайым «халық жауы» деген кешірілмес кінәні, құдайым өзі кешірсін, амалсыз мойнына артып 1945 жылы он жыл түрмеге айдалып кетті. Одан кейін не болды?  …..Одан кейін, Омардың шаңырағы  күйреп ортасына түсті. Саурамбай әулетінің түтіні сөнді. Әйелі «халық жауының» әйелі ретінде түрмеге қамалып, зорлап куәге тартып, қиыншылыққа сала берген соң, ақыры шыдамай тау асып, теріскей жаққа басқа адаммға тұрмысқа шығып «халық жауының» әйелі деген азаптан құтылды.

Екі жасында әкесінен жетім қалған Бейімбет Маилиннің қызы Гүлшат сияқты Омардың баласы Мұқан 8-жаста панасыз қалып, нағашысын табады. Бар қиыншылық жасы сексенге келген Дәуіт әкемізге түсіп, ағасының қыздарының қолында қалып қаза табады.  Адам құдайдан неге бала сұрайды екі баласынан топырақ бұйырмады. (Мен ол кезде Алматы қаласында ауыруханада ұзақ уақыт емделуде едім).

Міне, тағдырдың көрсеткені, бұл жазуға ғана оңай сияқты. Одан кейін не болды дейсіңдер ғой, құрметті оқырман тағдырдың бізге де таңы атты. Құдайға «Тәубә» Бір күні семейден ағадан хат келді «Балташ бізге де құдайдың кеңшілігі болатындай» мезгілімізден бұрын босанатын сияқтымыз. Мен қайда барам, сен үйлен деп жазыпты, бұл 1953 жыл еді. Сталин қайтыс болған. «Аққа құдай жақ» деп Омар ағайым 9-жыл 6-ай түрмеде отырып, мерізімінен 6-ай бұрын  1954 жылдың күзінде Кіндікбаев Зейнел екеуі елге аман-есен келді.Ағаның түрмеден берген мына бір жапырақ жолдама қағазын ұсынуды жөн көрдім:

 

«ПРОИЗВОДСТВЕННО – БЫТОВАЯ ХАРАКТЕРИСТИКА»

Дана гражданину  Саурамбаеву  Омару  Даутовичу.                    Отбывая меру наказания при п/я УЛ 154/7 гр. Саурамбаев Омар зарекомендовал себя с положительной стороны. Работая на ненормированных  работах,  к труду относился  честно.

Дисциплинирован,  в быту вел  себя скромно.

Характеристика дана  для предявления  по  месту работы.

Зам.начальник п/я УЛ

154/7  /Павлов/

Ст. инспектор  части  /Бешев/

15. 10. 1954 год.

Отыз жасқа толмай кеткен адам 9-жылдың ішінде әбден қартайып, сақал-мұрты ағарып, шашы түсіп, әбден жүдеген. Міне,біз ағайымызбен осындай халде кездестік. Бұған да «тәубә» дедік. Мынадай нәубатте оған жеткен де бар, жетпегендер қанша ма? «Халық жауы» аталынып, өзінің абзал атынан, баспанасынан айырылып азап шекен ағайым түрмеден келген соң толық ақталып партиялығы қалпына келіп жаңа өмірге, еңбек ету жолына бірден құлшына кіріседі. «Октябрь» совхозының Ынталы бөлімшесін басқарып, алты жалдай еңбегі жанып,  сөйтіп №43-ші  Сұлушоқы  сайлау  округінің  және  №10-шы Теректі сайлау округінің  депутаты болып сайланады.

Омар аға басқарған фермадан тұңғыш Еңбек Ері Айтбала Абданова шығады, бүкіл «Аламан» алқабында дүбірлеткен той өтеді. Сөйтіп өзінің  халықтың адал ұлы екенін  осылай еңбегімен көрсеті. Не керек көп жылғы қуғын-сүргін жан азабы Омар ағайымның денсаулығына нұсқан келтірмей қоймайды. 1964 жылы 20-мамыр 49-жасында миына қан кетіп кенеттен қайтыс болды. Аламан халқы ағаны  музыкамен соңғы сапарға шығарып салды.

Міне-ки, Елбасының жарлығы арманда кеткен ағалардың рухын, өнегелі ісін қайта жаңғыртуға осылай дәнекер болды. Өткенді білу парыз. Бүгінгі мен болашақтың үйлесімі қатерлі күндердің қайта келмесіне кепілдік береді.

Саурамбайәулеті Бәзіл-Дәуітұлы Балтабай «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері»  1929 ж – 2011 жж.

Омаров Ерлік Мұқанұлы.

Балтабай атамыз  1929ж 19-мамырда Алматы облысы Жаркент ауданы Қоңыр-өлең ауылында дүниеге келген. Жұбайы Жібек апа «Батыр Ана»  «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталған. Он бала өсіріп ұлдарын ұясына, қыздарын өрісіне қондырған аяулы жандар. Үшінші ұлы Саурамбаев Қайрат Балтабайұлы 1985 жылы Ауған соғысында ерлікпен қаза тапты. «Қызыл жұлдыз» ордені мен көптеген медальдармен марапатталған. Балтабай ата 83-жыл өмір сүріп оның 45-жылы Оқу білім беру саласында еңбек еткен.

«Өмірі- ұрпаққа ұран, баршаға тәлім тәрбие» болған, ұлағаты ұлы тұлға өз өмірбаянын жазып кетті. Сұм ажал 2011 жылдың 17-маусымында осындай адал жан,арысымызды ,әкемізді арадан алып кетті. Топырағың – торқа Жаның  жанәтта болғай жан әке!

Омар немересі  Мұқанұлы Ерлік.

 

«Социалистік жол» газеті 1940 жыл 4-желтоқсан №71 (424) 8 жыл шығуы.

«САЯСИ  БІЛІМДІ  БОЛУ ҮШІН  ҮЗДІКСІЗ  ОҚЫЛЫҚ»

Алдына-ала алынған мәліметтерге қарағанда колхоздағы коммунистер, ондағы басшы кадрлар «ВК(в)Р тарихының қысқаша курсын» оқып үйрену, өздерінің идеялық саяси білімдерін көрсетуде. Осылар арқылы болашақты болжап отыруда бір-сыпра жолдастардың өзі кенжелеп артақалғандықтары анықталды.

Бұдан бірнеше фактлар келтірелік Басши ауыл советінің председателі Қарақызов. Нұрым колхозының партия ұйымының секретары Керімбеков. Калинин колхозның председателі Қадырқұлов. Бастаушы мектеп меңгерушісі Тойлыбаев тағы бір-сыпра жолдастар «ВК(в)Р тарихының қысқаша курсның» жарыққа шығуына екі жылдан аса уақыт болса да, бүгінгі тарауынан шығалмаған. Осы оқыған темалардан қойылған сұрақтарға.

Бұл жолдастар бірде-бір дұрыс жауап бере алған жоқ. Ал Құнанбаева деген партия мүшесі «Крепоснойлық права» қай жылы қандай себептер мен жойылды деген сұраққа. «Крепоснойлық права» 1888 жылы жойылды, оны жойған Ленин деп жауап берді.

Ал Алимбеков жолдас «Халықшылдар кімдер» деген сұраққа, «Халықшылдар халықты сатады» деп жауап берді. Тіпті Болтаева жолдас «партия тарихы 1935 жылы шықты деді. Қалдыбаев (бұрынғы Нұрым атындағы колхоздың председателі) Жайпақов (порторг) Туғанбаев (колхоздың бригадирі) тағы Еспаев жолдастар осы күнге дейін «ВК(в)Р тарихның қысқаша курсн оқымаған.

Бұл жолдастардың айтатын негізгі себебі – «жұмыс көп қол тимейді» дейді. Бұл жолдастардың ойлауынша «ВК(в)Р тарихын оқу үшін әдейі демалыс керек, болса керек. Партия пропогандасы Комсомол ұйымында шын мәнісінде өрістемей келеді. Тіпті бастауыш ұйымның секретарлары «ВК(в)Р тарихының қысқаша курсын» оқымаған.

Мысалы Қазақ орта мектебі жанындағы бастаушы комсомол ұйымының Секретары оқытушы Нұрманбеков өз айтуынша 5-класқа СССР тарихынан сабақ береді, «ВК(в)Р тарихының» бірнеше тарауынан қойылған сұраққа жауап бере алмады. Сондай ақ Викова, Кускова және Қасымова сияқты Комсомол комитетінің Секретарлары «ВК(в)Р тарихын оқымаған.

«ВК(в)Р Орталық комитетінде 1938 жылғы14-ші қарашадағы  және 1939 жылғы 16-шы тамыздағы қауылыларында партия- пропогандасын жүргізген әдістерін әбден айқын белгілеп берді. Олбасқа хабарлардан ғана барлық коммунистердің өздігінен теориялы білім алуын іс жүзінде  бақылап отыруда большевиктік талап қоялық. Бірақ бізде әліде болса, бос әңгіме көп, бірақ коммунистермен әңгімелесу  жолымен үздіксіз қажымай жеке бақылау деген жоқ.

Өз білімін артыру жолында қызымет  етпейтіндерге қарсы партия ұйымының  жұртшылық  пікірін пайдалануы өте нашар. Ендігі жерде партия мүшелерінің және басшы кадрлардың әр уақытта дәрежесінде болуын, Жаңаны сезе біліп. Өз заманына ұқсас, кезінде іскер, Қайраткер болуын қамтамасыз ететін болу керек. Сондықтан да идеиялық  Саяси білімімізді , үздіксіз көтеруге тынбастан жұмыс істелік.

Саурамбаев Омар Дәуітұлы

Редакцияның адірісі: Көктал селосы К Маркс көшесі 61-үй тел:38. Типография.

«Социалистік жол» газеті 1940 жыл 27-қазан айы №64 (414) 8-жыл шығуы.

«ЖАЛАҚОР  БАСТЫҚ, ҚУАТТАУШЫ ПРОКУРОР»

Оқиға былай, осы жыл июль айының 30-күні күндізгі қызымет уақыты бітер алдында, Артықбаев жолдас Аудандық сақтық касса мекемесіне оның бастығы Овчеиниковқа қызметке тұру үшін келісуге барады. Овчеиников айлық еңбек ақың 350-сом береміз ертең 31-июль күні кел дейді. Артықбаев жолдас кел деген уақыты сағат 9-да барады. Овчеиников приказ жазады,  онда айлық еңбек ақың 225-сом дейді бұған Артықбаев жолдас келіспейді. Овчеиников істемесең  жұмысқа  «отказ» жасадың деп, Совет заңына шекесімен қарады деп.

«Шаш ал десе бас алатын» прокурор Трушковқа келеді. Трушков жаз актіні бірақ  «числосы» 30-июль болсын деп, жалақор Овчеиниковқа  тапсырады. Овчеиников 31-июль күні «зорлық» пен жазған приказын  30-июль күні жаздым етіп жалақор, жақтаушы  прокурор арқылы сотқа береді. Сот Артықбаев жолдастың сақтық  кассаға  бір минут қызымет істемегенін дәлелдеп ақтайды.Әрине бұл совет  заңының Артықбаев жолдас үшін істеген Сталиндік  қамқоры еді.

Бірақ прокурордың  жақтаған жалақорлық ісінен ештеме шықпай, аудандық халық соты Артықбаевқа әділ заңды қолданғанын біліп. Трушков Артықбаев жолдасқа өтірік жала жауып. Обл сотқа, аудандық соттың Үкімі дұрыс емес деп «протез» жасап, ақыры  Артықбаевтың  жұмысын  Жаркент сотына қайтарып  4-ай түрме жазасына кестіреді. Біздіңше  совет заңын бұрмалап  оның өзін айландырып  ақ адамға қара қяанат  жасап жүрген Трушков екенін айтқымыз келеді.

Тіпті бұдан бұрында Трушковтың  ақ адамға қара қянат істеуде, Трушковтың айыптау  жазаны  бұрмалағандықтан  жауапқа  тартылатын қылмысты адамдар жазаланбай кетеді, не болмаса жеңіл жазаланып  жүрген  кімге болсада белгілі. Міндеттің ең үлкені – совет заңын толық іске асыру керек.

                            

Саурамбаев Омар Дәуітұлы

 

http://ult.kz/kz/article/view?id=1359