АЛТЫНОРДА
Новости КазахстанаНовости мира

Таксим алаңы Түркияны дүр сілкіндірді

турцияТүркияның Стамбул шаһарында бірнеше күнге созылған наразылық шаралары өтті. Осыдан 5 күн бұрын басталған наразылық шараларының соңы тәртіпсіздіктерге де ұласып, полиция көзден жас ағызатын газ бен су шашқан болатын. Ал, наразылық шараларының 6 -күнінде  Гези саябағы мен Тексим алаңына жиналғандар  саябақты  тазалап, қоқыстарды жинай бастады.

Негізі Стамбулдағы Гези саябағындағы наразылық шараларын әу баста солшылдар ұйымдастырған еді. Сылтау ретінде   «бұл саябақта ағаштар кесіліп, орынына  ойын-сауық орталағы салынады-мыс»  деген қауесетті алға тартқан-ды. Рас, Стамбул шаһары басшыларының  саябақта атқармақ болған істерінде әу баста түсініспеушілік кездескені рас. Бұқараға мәселенің мән-жайын түсіндірген ешкім болмаған. Ал, мұны солшылдар пайдаланып кетті. Сонымен бірге Түркияның  Республикалық халық партиясы да, Бейбітшілік және демократия  партиясы да, ұлтшылдар да  Таксим алаңында болған наразылықты өздеріне ұпай жинау үшін пайдаланып баққан.  28 мамырда басталған наразылық шараларының өршігені сонша Түркияның өзге өңірлерінде де   Гези саябағында жүргендерді қолдағандар көп болды. Түркия  ішкі істер министрлігінің деректеріне қарағанда соңғы  бес күннің ішінде елдің  үлкенді-кішілі 48 қаласы мен елдімекенінде  90  наразылық шарасы ұйымдастырылған.  Тәртіпсіздік жасағаны үшін 939 адам тұтқындалып, бірақ көбі  босатылған.  26 полиция қызметкері мен 53  қарапайым адам жараланған. Олардың ішінде  наразылыққа қатысқандар да, бейтарап жүргендер  де бар. Ең сорақысы Түркияның  күшейгенін қаламайтындар мен елдің  болашағын саяси ұпайларға айырбастап жіберуден тайынбайтын партиялар Таксим алаңынан басталған наразылықтарды  өз пайдаларына  шешуді көздеді. Әлеуметтік желілер арқылы  елдің ішіне үрей себуге ұмтылғандар да бар. Мәселен, біреулер twitter арқылы «Алаңға танктер кірді, полицейлер  резеңе  оқтармен емес,  шын оқтармен атып жатыр. Біреуді танк басып кетті. 500-ге жуық адам өлді. Алаңға келіңдер!» деп ұран тастаған. Тіпті, Түркия Республикалық халық партиясының мүшесі,  депутат Хусейн Айгун: «Түркияның Тархир алаңы: екі адам өлді, бір адамның қолы жұлынып кетті. Ауыр жараланды.» деп жазған   twitter-де. Сөйтіп, әлеуметтік  желілерді елді дүрліктіру үшін мейілінше  пайдаланып бақты. Біреулер интернеттен алынған суретті Таксим ауданында  болғандай етіп көрсетті. Соның  салдарынан  наразылылық жасаушыларды қолдағандар аз болған жоқ. Абырой болғанда  қазір наразылық шаралары  аяқталатын сыңайға енді. Жиналғандар  шашылған қоқыстарды жинап,  саябақтың ішін ретке келтіріп жатыр.
Жалпы, соңғы кездері Түркияның сыртқы және ішкі саясаты  үлкен өзгерістерді бастан кешіп жатыр. Билік басындағы Әділет және өрлеу партиясының бірқатар  бастамалары көпшіліктің қолдауына ие болған-ды. Әсіресе,  Күрдістан жұмысшы партиясы террористерінің елдің аумағынан шыға бастауын  бірқатарс арапшылар жеңіске балайды. Алайда,  ұлтшылдық бағыттаға, кемалистік  бағыттағы топтар биліктің бірқатар бастамаларымен келіскісі жоқ. Біраз дау-дамай КЖП террористерін елден шығаруға қатысты қолданылған саясатқа  байланысты  болған еді. Ал, Стамбулдың Таксим алаңындағы  Гези саябағындағы ағаштарды кесуге  наразылық солшылдардың әйтеу үкіметтің кез-келген бастамасына қарсы шыу мақсатын көздегендіктен туындап отыр. Алайда,  жай ғана  табиғат қорғаушылардың  ұранын көтерген наразылық танытушыларды  полиция   көзден жас ағызатын газбен және сумен атқылау арқылы мәселені ушықтырып алды. Наразылық танытушыларға барлық саяси партиялардың өкілдері мен «бетке  ұстарлары» қосылып,  қолдау көрсетті. Бірақ, көбі Стамбулдың Таксим алаңында басталған наразылықтың аса қауіпті екендігін ескермеген сияқты. Егер Ердоған үкіметі  сәл шегініс жасап, наразылық жасаушыларды түсінуге һәм  саябақ пен аудандағы  жұмыстар туралы  түсіндіруге  тырыспағанда мәселе тіптен  күрделеніп кетер еді. Абырой болғанда Таксим алаңы Каирдің Тахрир аланың Түркиядағы баламасы болған жоқ. Дегенмен, бұл наразылықтар елге абырой әперген жоқ. Егер  билікке қарсы наразылық жалпыхалықтық сипат алып кеткен болса, Ердоған үкіметінің  оларды тоқтатуы қиын болар еді. Өйткені,  Үкіметтің  отставкаға кетуін талап еткендер де болды Таксимде. Әйтеуір, қазір  наразылық сәл саябырсыды. Дегенмен,  осы жолы да әлеуметтік желілердің  аса қуатты құрал екендігі байқалып қалды. Әсіресе, twitter елді  дүрліктіріп-ақ тұр. Өтірікті шындай қылып жазғандардың сөзіне сенгендер көп. Әрине,  түрік құқық қорғаушылары арандатушы twit жазған адамдардың біразын ұстап, тергеп-тексеріп те үлгерді.
Айтпақшы, Таксим алаңында жиналғандарды тек түркиялықтар ғана емес, шетелдегі түріктердің де бірқатары қолдап, қолпаштады. Еуропа елдерінде тұратын түріктер  наразылық жасаушыларға ашық қолдау білдірді. Еуропаның бұқаралық ақпарат құралдарында да  шерушілерге іш тарту сарыны байқалды. Ең қызығы, біздің Алматы қаласында тұратын бір топ түрік ағайындар да таксимдіктерге қолдау  білдіріпті.

Жебе-ақпарат