Бүгінгі таңда еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қаражат қорын толықтыруға кеден органдары қомақты үлес қосуда. Жақында Кедендік бақылау комитеті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында халық тұтынатын тауарларын еліміздің аумағына жеткізудің кезекті ірі контрабандалық арнасының жолын кесті.
Комитеттiң Контрабандаға қарсы күрес басқармасы ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен бiрлесіп, жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру барысында Түрiк Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды контрабандалық жолмен әкелінген тауарларды құрықтады. Сөйтіп, ағымдағы жылғы ақпанда еліміздің үш өңірінде – Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында бір уақытта контрабандалық тауар тиелген 4 жүк автомашинасы ұсталды.
Ұсталған автомашиналардың жүк тиеу отсектерін қарау барысында тауарға ілеспе құжаттарында мәлімделмеген тауарлар анықталды.
Жүргізілген есептерге сәйкес олардың жалпы кедендік құны 126 273 759 теңгені құрады, ал еліміздің қаражат қорына, яғни бюджетіне төленуге тиіс кедендік төлемдері мен салықтардың жалпы сомасы 38 767 412 теңгені құрады.
Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша ҚР Қаржы Министрлігі Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері ҚР ҚК 209-бабының 2-бөлігінің «г» тармағы бойынша (экономикалық контрабанда) қылмыстық істер қозғап, тергеу амалдарын жүзеге асыруда.
Қайрат Матреков