АЛТЫНОРДА
Новости

Алдияр Боранқұлов: Тарих — бүгінгі күнді талдау әдісі

историяАстана. 29 маусым. Baq.kz – «Әрбір тарих пәнінің мұғалімі тарих өткен күндер оқиғасын еркін түсіндіру үшін қолданылатын негізі материал емес екенін жете ұғынуы тиіс», — деп атап өтті «Мәдени мұраларды қорғау қоры» қоғамдық бірлестігінің басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Алдияр Боранқұлов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

«Мен тарих хронологиялық тәртіппен іріктелген өткен күндер туралы білімнің жиынтығы емес екеніне сенімдімін. Орта мектептердегі тарих сабағы бейтарап даталар, деректер мен оқиғаларды жаттап алудан ғана тұрмауы тиіс», — дейді ол.

Ғалымның пікірінше, тарих өткен оқиғаларды жүйелендіру дегенді ғана білдірмейді. Ол біздің жағдайымызға, біздің заманымызға тұрақты талдау жасау үшін қажет. Және біздің болашағымыз үшін маңызды болуы әбден мүмкін.

 

http://www.baq.kz/kk/news/31398