АЛТЫНОРДА
Новости

Екінші дүниежүзілік соғысқа қанша қазақ қатысты?

историяАстана. 1 шілде. Baq.kz-ЕҰУ «Еуразия» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, т.ғ.д, профессор Зиябек Қабылдинов қазақ тарихында ашылмай жатқан сыр көп екенін айтады.Ғалым біздің сұрауымызға қарай, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты да біраз беймәлім жайттардың басын шалды.

Ең алдымен, Екінші дүниежүзілік соғысқа қанша қазақ қатысты деген мәселенің басын ашып алайық. Бұған дейін 1941-1945 жылдардағы жаһандық соғысқа 1млн-1.200 млн қазақстандық қатысты делініп келді. Бірақ, ресми есепке тек Қазақстаннан құрылған әскери құрылым сарбаздары ғана енген, ал Қазақтың солтүстік өңірлерінен Ресейге шақырылып, майданға сол жақтан (Омбы, Орынбор, Челябі, Сібірдің басқа қалалары, т.б) аттанғандар санаққа енбей қалған. Осыған қарағанда Екінші дүниежүзілік соғысқа 2 млн-ға дейін қазақ аттанған деп болжамдауға болады. Дегенмен, бұл санды әлі дәйекті анықтай түсу қажет. Айта кету керек, Қазақстаннан жекелеген роталардан бастап дивизияға дейін 50 әскери құрылым жасақталған. Оның ішінде полк та, бригада да бар. Жалғыз ғана Ақмола облысынан 4 дивизия жасақталған…
Жазып алған Дәулетқали АСАУОВ

 

http://www.baq.kz