Астана. 3 шілде. Baq.kz – 5 жылдың ішінде «Қазақфильм» киностудиясынан 175 туынды жарық көрді. Бұл фильмдер 200-ден аса кинофестивальдерге қатысып, әлемнің 50 шақты елдерінде халықаралық көрсетелім жүргізді деп мәлімдеді Tengrinews.kz.
Отандық фильмдерімізді мойындайтын елдер тізімі, жыл сайын өсіп келеді. Соңғы жылдары халықаралық деңгейде елеулі деген жеңістеріміздің бірі Берлин кинофестивалінде анықталды. Азиза Жамбакиевна есімді қарындасымыз «Уроки гармонии» атты фильмінде «ең үздік операторлық жұмыс» жүлдесін жеңіп алды. Эмир Байғазиннің бұл туындысы Сиэтл қаласында (АҚШ) халықаралық кинофестивалінде ең басты орынды иемденді. Сол жердегі сарапшылардың шешімі бойынша «Үздік жас режиссер» номинациясын ұсынды. Айта кететін жайт, Сиэтл кинофестивалі 1974 жылдан бері өткізіліп келеді және АҚШ-тың 5 үздік байқауларына кіреді.
Соңғы информацияға құлақ салсақ, әлемнің айтулы кинофестивалінің бірінде, Пусан қаласында Ербол Жұмағұловтың «Книга» атты фильмінің тұсау кесу рәсімін өткізеді. Бұл байқауда Азияның көп сұраныс тудырған фильмдері көрсетілмек.
Еліміздің кинопрокатына келсек, «Қазақфильм» киностудиясының санағы бойынша, 2012 жылы кинотеатрларда сатылған билет саны 13,4 миллионға жеткен. Егер 2008 жылғы статистикамен салыстыратын болсақ, көрсеткіш екі есеге өскен. Ал еліміздің кинотеатрларын айтсақ, 2008 жылы 77-ге жетсе, 2012 жылы 95-ке дейін көбейе түсті. Халықтың пікірін тыңдасаңыз, отандық фильмдерімізді көретін адам саны 2008 жылы 249 мың шақты болса, 2012 жылы бірден 1,3 миллионға өсті деп мақтанышпен айтуға болады.
«Қазақфильм» киностудиясы президенті 2013 жылы «Қазақфильм» 10 картина шығаруды жоспарлап отыр. Оның ішінен қазақ жұрты «Мечь победы», «Ер Төстік пен Айдаһар», «Лоторея» және «Препод» сынды туындыларын тамашалап үлгерді. Келесі кезекте «Жол» атты спорт драмасын 2013 жылдың күзіне дайындап жатыр.
http://www.baq.kz/kk/news/31649