АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Болашақтан» келген Анна Астанаға қарыз болды

болашак«Болашақ» бағдарламасы –  мемлекетке қажетті сапалы һәм білікті, білімді мамандар даярлау үшін қолға алынып, іске асып жатқан жоба
. Жыл сайын «Болашақ» бағдарламасымен көптеген жастар әлемнің үздік оқу орындарында білім алуға аттанады. Бірақ, олардың арасында білім емес, қызық қуып, қыдыруға баратындары да баршылық. Тіпті, оқи алмай елге қайтып жатыр. Соның бірі – Анна.

2006 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасы аясында Канадада оқу мүмкіндігіне ие болған Анна  2009 жылы үлгерімі нашар болғандықтан шетелдегі маман дайындау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен оқу стипендиясынан айырылды. Сөйтіп, екіжақты шартқа сәйкес, студент білімге дұрыс ден қоймаған жағдайда өзіне шығындалған ақшаны қайтаруға міндетті. Осыған орай  Қостанай облысы, Рудный қалалық сотында қаралған азаматтық іс бойынша, ҚР Азаматтық кодексінің 217-221 баптарына сәйкес, сот «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның шағымын қанағаттандырып, Аннаны 14 млн. 805 мың 488 теңге қарызын өтеуге міндеттеді.

Келісім шарт талаптарына сай «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ы студенттің оқу барысындағы барлық шығынын (жатар орнын, денсаулығын сақтандыру, оқу ақысы, жол шығыны) өз мойнына алады, ал студент тек білім дәрежесін жоғары деңгейде көрсету керек болатын. Осылайша, «Болашақтан» келген Анна Астанаға қарыз болды.

Бұл жайт мемлекеттің, яғни халықтың қаражаты есебімен оқуға аттанып, шетелде сайрандап жүрген «болашақтықтарға» сабақ болса, игі.

Masa.kz