АЛТЫНОРДА
Новости

Массагеттен мәзір: Қабат қамырлы пицца

photo (2)Пицца балалардың да, ересектердің де сүйіп жейтін тағамы. Егер сіз пиццаның қамырын жасауға ерінсеңіз, дайын қабат қамыр сатып алып, оңай әрі тез әзірленетін пицца жасап көріңіз.

Құрамы:

  • 300 гр қабат қамыр;
  • 200 гр тартылған ет;
  • 1 кішкентай пияз;
  • 1-2 қызанақ;
  • 1 болгар бұрышы;
  • ірімшік;
  • зәйтүн;
  • майонез, кетчуп;
  • тұз, бұрыш, күнбағыс майы.
Болгар бұрышын майдалап тураймыз.
Зәйтүнді дөңгелектеп тураған дұрыс.
Табаға май қыздырып, етті қуырып, оған майдаланған пияз бен болгар бұрышын қосамыз.
Дайын қабат қамырды төртбұрыштап жаямыз. Қамырды майланған және арнайы қағаз төселген табаға жайғастырыңыз.
Қамырдың үстіне кетчуп пен майонез жағыңыз.
Үстіне ет салындысын, майдаланған қызанақ пен зәйтүнді жайғастырамыз. Пиццаны 180 градуста 20-25 минут пісіреміз.
Пицца дайын болайын дегенде үстіне үккіштен өткізілген ірімшікті саламыз. Тағы бірнеше минутқа пешке қоямыз.
Пицца дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

 

http://massaget.kz