Испанияның солтүстік батысындағы Сантияго де Компостела қаласының маңында болған поезд апатынан қайтыс болғандар саны 78 адам болды. Кеше түнде болғап апаттан 143 адам жараланып, 13 вагон аударылған.
Мадрид-Феррол бағында жүйткіген поезда 218 жолаушы болыпты. Ал, поездің сағатына 190 шақырымдық жылдамдықпен жүргені анықталып отыр. Кейбір сарапшылар поездің апатқа ұшырауына бұрылыс кезінде машинистің жылдамдықты төмендетпеуі себеп болуы мүмкін екендігін айтады. Өйткені, аман қалған машинистердің бірі телефон арқылы сөйлескен кезде сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге тиіс бұрылыстан 190 шақырым жылдамдықпен өткендігін айтқан. Алайда, апат себептері әлі толық анықталған жоқ. Бұл апат елде соңғы 40 жылда болған ең үлкен пеозд апаты екен. Осыған байланысты Үкімет елде 3 күн бойы аза тұтуға шешім қабылдады.
Жебе-ақпарат