АЛТЫНОРДА
Новости

Қасиетті Қадір түніне орай Астана мешіттері сауапты шаралар ұйымдастырмақ

2Астана. 30 шілде. BAQ.kz – Тамыздың 3-інен 4-іне қараған түні – қасиетті Қадір түні. Қадір түнін атап өтуге байланысты Астана қаласында бірқатар шаралар өтпек,-деп хабарлайды «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі.  

Қасиетті Қадір түнінде бас шаһардағы барлық мешіттерде түрлі тақырыпта уағыздар айтылып, тарауих намаздар оқылады. Сонымен қатар мешітке келушілерге арнап, ауызашар мен таңғы сәресі дастархандары жайылмақ. Кей мешіттерде белгілі бағыттарға тегін қатынайтын автобустар да ұйымдастырылып отыр.
Атап айтқанда, қасиетті түнді күтуге келген астаналық жамағатқа Елордадағы үлкенді-кішілі «Нұр Астана» мен «Әзірет Сұлтан» ауыз ашар берсе, «С.Ғылмани», «Әс-Сәлам», «Әл-Ғани», «Төлебай» және «Шейх Кунта қажы» мешіттері ауызашар мен сәресі беруді жоспарлап отыр.
Рамазан айының алғашқы күнінен бастап, тарауих намазына келушілерге арнайы автобустар бірнеше бағыт бойынша қатынауда. Бұл қызмет Қадір түні де көрсетілетін болады.
Мәселен, Қабанбай батыр, 36 мекен-жайында орналасқан «Нұр Астана» орталық мешітінен мына бағыттар бойынша автобустар қатынайды;
1. Мешіттен – Тұран, Сарыарқа даңғылдары, Абай, Күмісбеков, Сейфуллин көшелері, Бөгенбай батыр даңғылы, Н.Тілендиев көшесі, Көктал-1,2 тұрғын алабына дейін.
2. Мешіттен – Сығанақ, Орынбор көшелері, Б.Момышұлы даңғылы, Мастер-2, Абылайхан даңғылы, Евразия сауда орталығы, Орбита, Темір жол вокзалына дейін.
3. Мешіттен – Қабанбай батыр даңғылы, А.Бараев, Т.Хусейн, Ж.Тәшенов көшелері, Республика, Бөгенбай батыр, Жеңіс даңғылары мен Арман дүкеніне дейін.
Р.Қошқарбаев даңғылындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінен мына бағыттарға қатынайды;
1. Мешіттен – Тәуелсіздік, Қошқарбаев даңғылдары, Орынбор, Достық, Сауран, Жәнібек хан, Керей хан көшелері, Қабанбай батыр, Республика даңғылдары, Бөгенбай батыр даңғылы, Көктал-1,2 тұрғын алабына дейін.
2. Мешіттен – Тәуелсіздік, Б.Момышұлы даңғылдары, Жұмабаев, Айнакөл көшелері, Мастер сауда орталығы, Құдайбердіұлы, Мүсірепов көшелері, Абылайхан даңғылы, Пушкин көшесіне дейін.
3. Мешіттен – Тәуелсіздік, Б.Момышұлы даңғылдары, Мирзоян көшесі, Қажымұқан даңғылы, Уәлиханов, Сейфуллин көшелері, Республика даңғылы, Бөгенбай батыр даңғылы, Жеңіс даңғылы, Темір жол вокзалына дейін.
С.Рахимов көшесінде орналасқан Садуақас қажы Ғылмани мешітінен төмендегі бағыттар бойынша қатынайды;
1. Мешіттен – Өндіріс тұрғын алабына дейін.
2. Мешіттен – Оңтүстік-Шығыс шағын ауданына дейін.
3. Мешіттен – Көктал-1,2 тұрғын алабына дейін.
Құрметті мұсылман қауым! Қасиетті Қадір түнін шынайы құлшылықпен өткізуге тырысайық. Өйткені, бұл түн – сауабы жағынан мың айға тең келетін қасиетті түн. «Нұр Астана» орталық мешітінің ұжымы баршаңыздың Қадір түні тілеген дұға-тілектеріңізді және жасаған ғибадаттарыңызды Алла тағала қабыл етсін деген ізгі тілегін білдіреді.

http://www.baq.kz