Қадiрлi отандастар, құрметтi бауырлар!Мұсылман қауымының ұлық мерекесi – Ораза айтта жүрегiмiз қуаныш пен шаттыққа бөленедi, жанымыз жадырап, көңiлiмiз шат-шадыман күй кешедi. Баршаңызды мұсылманның ұлық мерекесiмен құттықтаймын. Ораза айт мүбәрак болсын!
Айт күнiнде ғұсыл құйынып, жұпар иiс себiнiп, жамағатпен айт намазына қатысудың сауабы мол. Туған-туыстарды, көршiлердi, дос-жаранды мерекемен құттықтап, дастарқан жайып, ұлық мейрамның сәнi мен салтанатын арттыру – Ораза айттың өзiне тән жарасымды һәм сауапты амалдарынан. Осы мерекеде өзара ренжiскен кiсiлердi татуластырсақ, өзгенiң қате-кемшiлiгiн кешiре бiлсек, ол да – мұсылманға тән сипат. Өйткенi Алла тағала қасиеттi Құранда мұсылмандарды кешiрiм жолын ұстануға бұйырған.
Күндегi оразасын құрмамен ашуды сүннет еткен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айт намазына барарда алдымен құрмадан дәм татып барып үйiнен шыққанды ұнататын.
Ораза айтта отбасымызға көңiл бөлiп, балаларға сыйлық жасап, айттық әперудiң де маңызы зор. Баланың бойына iзгiлiктiң дәнiн себетiн мерекенi олар да асыға күтiп, тәлiмi мен тәрбиеге толы қасиеттi айдың мәнi мен маңызын сезiнетiн болады.
30 күн оразада халқымыз ыждаһаттылықпен ауыз бекiттi. Мешiттерiмiзде ауызашарлар мен қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды. Тұрмысы төмен отбасыларына көмек көрсетiлiп, қамкөңiл қарттар мен жетiм-жесiрлерге көңiл бөлiндi. Көптеген азаматтар жақсылыққа үлес қосып, сауабы мол амалдарға атсалысты. Баршасына “Алла разы болсын” айтамыз. Рамазан айында елiмiздiң игiлiгi үшiн жасаған әрбiр қайырлы амал мен құлшылықты алдағы уақытта да жалғастырудың қарымы шексiз.
Алла тағала ұстаған оразаларымызды, дұға-тiлектерiмiздi, iзгi iстерiмiздi қайырымен қабыл етiп, екi дүниеде де жүзiмiздi жарық еткей! Мемлекетiмiздiң мерейi әрқашан үстем болғай!
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ
хазрет, Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының төрағасы, Бас мүфти