Таңдаушылардың 51 пайызының келісімімен халықтың әкімді кері қайтарып алуына мүмкіндік бар ма?
Кері қайтарып алу тетігі (таңдаушылардың шешімі бойынша өкілеттікті тоқтату) Парламент Сенатының депутаттарына қатысты көзделген. Кері қайтарып алу рәсімі 2009 жылы енгізілген Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңның 24-1-бабымен егжей-тегжейлі реттелген. Бұл механизмді халықтың әкімді кері шақырып алуына қатысты қолдануға болмайды деп есептейміз, өйткені әкімді халық сайламайды, сондықтан кері қайтарып ала алмайды. Дегенмен де, халық жоғары тұрған әкімнің алдында ауыл әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қоя алады. (Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, аулыдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 61-бабы).
Сонымен қатар, әкімдерді кері қайтарып алу механизмінің болмауын оның қызметін бақылау жұмысының айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, әкімнің халыққа есеп беру механизмдері арқылы толтыруға болады. (Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңның0 39-3 бабын қараңыз
Еркін ҚАЛДАН