Шындығында 8 метрлік алып питон ұйқыдан оянғанда жаныңда жатса, шошынатыңыз ақиқат. Әрине өкінішпен аяқталатын оқиғалар да орын алады.
Канаданың Кэмпбелтон қаласындағы үйдің жанында зоодүкен орналасқан. Үлкен алып жыландарды сақтайтын бұл дүкеннің арнайы ұстайтын тор бөлмесінен шығып кеткен питон кішкентай екі баланы буындырып өлтірген. Оқиға былай болған: Еркіндікке шыққан алып питон бірінші қабаттағы ашық тұрған терезеден ақырын жылжып үйдің ішіне енген. Түнде шырт ұйқыда жатқан 5 және 7 жастағы екі баланы орап, қылқындырып тастаған питонды қожайыны жылжып, жолға қалдырған ізі арқылы тапқан.
– Алып питон темір тордың ішінен қалай шықты, осы жағы маған түсініксіз. Қауіпсіздік шаралары үшін торға екі құлып салынатын болған. Бірақ оның кілті менің қолымда ғана, Бірақ құлыптың бірі ашылып кеткен,–дейді қожайын.
Қалай айқанда да, сирек болатын жағдай. Арнайы хайуанаттар бағында жұмыс істейтін маман Бри Лойсттің топшылауына қарағанда, жылан адамды жемейді.
– Негізі балалар жатар алдында тауықтың етін жеген көрінеді. Мүмкін соның исіне елтіген алып жылан балаларды буындырып өлтірген болар,–дейді ол. Бұл ой қисынға келеді. Жан түршіктіретін, аяқ астынан болған қорқынышты қаза бұл.
Десек те алып жыландардан төнетін қауіп жыл сайын көбейіп келеді. Солтүстік Американың зоологтары дабыл қағып жатыр: Флорида ормандарында ұзындығы сегіз метрлік питондар көбейіп келеді. Олар қоян, түлкі, еліктер мен тағы басқа жануарларды жұтып жібереді. 2012 жылдың тамызында АҚШ аумағында ұзындығы 5,12 метрлік, салмағы 74 келі тартатын алып питон табылған
Айқын-ақпарат