АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстан-Ресей экспедициясы ежелгі қалаларды іздеп шықты

434_816fa383f32a8822cae165def0c8ae9eАстана. 7 тамыз. Baq.kz — Қазақстан-Ресей археологиялық экспедициясы Павлодар облысының Ертіс бойынан сапарға шықты.

 

Ертіс бойы бойынша бірлескен археологиялық-этнографиялық экспедицияға керекулік зерттеушілер мен Ресей ғылым академиясы Омбы археология және этнография институты Сібір бөлімшесінің мамандары осымен бесінші рет шығып отыр. Мақсаты – ғылымға белгілі, бірақ әлі күнге дейін аз зерттелген бірегей ескерткіштердің сырларына тереңдей үңгіп, жолдары болып жатса, осы мақсатта жаңадан жәдігерлер ашпақ. Бұл жөнінде павлодарлық археолог, мемлекеттік педагогикалық институттың оқытушысы Тимур Смағұлов айтты.
Оның сөзінше, 2013 жылы экспедиция маршруты Екібастұз, Ертіс, Ақтоғай аудандары мен Ақмола облысының бірталай елді мекендерін басып өткен. Ғалымдар Ертіс пен Есіл өзендерінің аралығында ортағасырлық қала мәдениеті болғанын тың деректермен дәлелдеп, толықтыра түсуді көздеп отыр. Ортағасырлық қала мәдениеттерінің фрагменттері бұған дейін Екібастұз қаласының маңайындағы ежелгі Әулиекөл шаһарынан табылған болатын.
бак.кз