АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ДИАНАНЫ ӨЛТІРГЕН КІМ?

диана«Ағылшынның Диана ханшайымы арнайы мамандандырылған бөлімше қызметкерлерінің операциясынан қаза тапты». SAS арнайы қызметінің сержанты Денни Найтингейлоның бұл ақпаратынан кейін «Диана ісі» қайтадан тергеушілердің назарына түскенге ұқсайды.  Қаруды заңсыз сақтаған топты соттау барысында осындай мәлімдеме құқық қорғау органдарының қаперіне ілікті. Арнайы SAS бөлімінің бір сержанты өзінің зайыбымен әңгіме барысында Диананы өлтіру операциясына қатысқанын айтып қалған. Әйелдің аузында сөз тұра ма, ол көршісіне айтқан, ал көрші… журналистерге жариялап жіберген.

Қазір осы пікірге қатысты ағылшын полициясы істің ақ-қарасын анықтауға кірісті. Шын мәнінде, Диананы арнайы қызмет орындары өлтірді ме, жоқ па, оны уақыт көрсетер. Бірақ ағылшын ханшайымының өліміне британдық әскерилердің қатысы бар деген болжам бірінші рет естіліп отырған жоқ.

Париж тоннелінде автокөлік апатынан қайтыс болған оның жанында шейх Доди аль-Файед пен оның жүргізушісі Анри Поль болғаны белгілі. Бұл оқиғадан кейін Диана ханшайым араб шейхының баласына тұрмысқа шығып, мұсылман дінін қабылдағысы келген. Ресми Лондон  бұл масқаралықты болдырмау үшін арнайы қызмет орындары арқылы  автокөлік апатын қолдан ұйымдастырды деген де ақпар тараған.

Бірақ тексеріс қорытындысы апатқа ұшыраған жүргізушінің қанында ішімдік барын анықтаған. Көлікті қатты айдап, жылдамдықты арттырған жүргізуші ақырында ағылшын ханшайымымен бірге қаза тапты

Берік Бейсенұлы

http://www.aikyn.kz