АЛТЫНОРДА
Новости

«Көшпелілер өркениетін зерттеу» орталығы ашылады

434_85ed1688765e5f6d722bc7c70a1ce713Астана. 22 тамыз. Baq.kz-Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тарих, археология және этнология факультетінің жанынан 1 қыркүйектен бастап «Көшпелілер (номадтар) өркениетін зерттеу» орталығы ашылатын болды. Осы оқу орнының Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, аталған орталық директорының орынбасары Еділ Ноянов былай дейді:

–Елбасының тапсырмасына орай Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ғылым комитетінің тікелей басшылығымен ғалымдар және жас зерттеушілермен бірлесе отырып біз «Көшпелілер (номадтар) өркениетін зерттеу» орталығының негізгі атқаратын жұмыстарын айқындап, соған сай қысқа мерзімде тақырыпқа сәйкес 18 ғылыми жобаны дайындап, оны жүзеге асыру жолдарын белгіледік. Бұл орталықта жұмыс істеу үшін тәжірибелі мамандармен қатар жастарды да көптеп жұмылдырып отырмыз. Аталған бағдарламаны іске асыру үшін ҚазҰУ білікті профессорлары мен оқытушылары ғана емес, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тарих, Шығыстану институттары мен шетелдерден, атап айтсақ, АҚШ, Түркия, Жапон, Қытай елдерінен және т.б. университеттерден мамандар тартылды.

http://www.baq.kz/kk/news/34386