АЛТЫНОРДА
Новости

«Құпия құжат» және Ресей-Украина араздығы

52FDA897-252D-4BC6-B173-9C9B47AE4B35_w640_r1_s_cx3_cy0_cw91Украина мен Ресей араздығы «Украинаның Еуропа Одағымен келісім жасауына кедергі келтіретін Ресей жоспары» деген құжат жарияланғалы шиеленісе түсті.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) және украиналық саясаткер Виктор Медведчук. Киев, 27 шілде 2013 жыл.

Мәскеудің Украина мен Еуропа Одағының ынтымақтастық туралы келісіміне қарсы екені белгілі. Кремльдің нақты жоспары бар тәрізді.

Украиналық «Дзеркало тижня» газетіне өткен аптада 10 беттік құжат жарияланды. Содан кейін жұрттың көбі «Мәскеудің жоспары бар» деген ойға келді. Газет «материалды Мәскеу мен оның Украинадағы одақтастары Ресей ықпалын арттыру үшін әзірлеген» дейді.

МӘСКЕУДІҢ БАСТЫ ҮШ МАҚСАТЫ

Газет жариялаған бұл материалдың Кремльден шыққан ресми құжат екеніне күмән бар. Бірақ Украинаның бұрынғы сыртқы істер министрі Владимир Огрызко Азаттыққа берген сұхбатында «құжатта Мәскеудің империалистік ниеті әшкереленгеніне күмәнданбайтынын» айтты.

– Онда «мәжбүрлеу», «қыспаққа алу» деген сөздер көп кездеседі. Бұл – Ресейдің Украинаға қатысты көптен бері ұстанып келе жатқан саясатын айқындайтын

Украина және Ресей президенттері Виктор Янукович (сол жақта) пен Владимир Путин. Севастополь, 28 шілде 2013 жыл.Украина және Ресей президенттері Виктор Янукович (сол жақта) пен Владимир Путин. Севастополь, 28 шілде 2013 жыл.

сөздер. Баяғы импералистік бағыттың жалғасы, таңданатын ештеңе жоқ. Украинадағы Батыс дипломаттары құжатты оқып, елдеріне жеткізер деп үміттенемін. Сол кезде олар Украинаға қарсы жүйелі идеологиялық, саяси, экономикалық және ақпараттық соғыс жүріп жатқанын түсінер, – дейді Владимир Огрызко.

Құжатта Ресей мақсаттарын іске асыру стратегиясы көрсетілген: Украинаның Еуропа Одағымен (ЕО) әріптестік келісіміне қол қоюына кедергі жасау, Украина аумағында Ресейге қолайсыз шешімдердің қабылдануына бөгет жасайтын ұйымдар желісін құру, Украинаның 2015 жылға дейін Кеден Одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке қосылуына жағдай жасау.

Бұл құжат екі елдің қарым-қатынасы ушығып тұрған кезде жарияланып отыр. Ресей жақында Украина тауарларына тексерісті күшейтіп, «бұл Украина ЕО-мен келісімге қол қойған жағдайда қолданылатын шаралардың бір шеті» деп мәлімдеді. Ресей қаһарына Украинаның Roshen кондитерлік корпорациясы да ұшырады. Корпорация қожайыны — елдің Батыс мемлекеттерімен қатынасын нығайтуын қолдайтын, Украинаның бұрынғы сыртқы істер министрі Петр Порошенко.

Құжатта украиналық саясаткер Виктор Медведчук пен оның «Украинский выбор» қозғалысы Ресей пайдасына әрекет ететіні ашық айтылған.

Азаттық тілшісі Медведчуктен «Құжатты дайындауға қатысыңыз бар ма?» деп сұрады. Виктор Медведчук «дабыраға құмар басылымдарды» сынап, «олар қиялдарын құпия құжат ретінде жаза береді» деген жауап берді. Ол құжатқа қатысы бар-жоғын айтпаса да, Украинаның Кеден Одағына қосылуын қалайтынын жасырмады.

МЕДВЕДЧУК ЯНУКОВИЧКЕ БӘСЕКЕЛЕС ПЕ?

Материалда 2010 жылы билікке келген, Ресейге бүйрегі бұратындай көрінген Украина президенті Виктор Янучковичтің позициясы туралы да айтылған.

«Мәскеумен байланысты жақсартамын» деп уәде берген оның саясаты кейіннен еуропалық бағытқа ойысты. Нәтижесінде Украина Еуропа Одағының әріптесіне айналуға шақ тұр. Киев ЕО-мен ынтымақтастық туралы келісім мен сауда қатынастарын жан-жақты дамыту туралы шартқа қол қоюға алдын ала келісімін беріп қойды. Бұл құжаттарға қараша айында Вильнюсте (Литва) өтетін ЕО-ның «Шығыс әріптестігі» саммитінде қол қойылатын түрі бар. Бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко түрмеге түскеннен бері ЕО мен Украина қарым-қатынастары нашарлап кеткен еді.

Газетте жарияланған құжатқа қарап кейбір сарапшылар «Мәскеу Украинада өтетін 2015 жылғы президент сайлауы мен 2017 жылғы парламент сайлауына ықпал етуді көздейді» ддеп болжайды. Бірақ 59 жастағы Виктор Медведчук Ресейдің ол жоспарын мақсатына жеткізе ала ма? Оның саяси өмірінде абыройына дақ түсірген оқиғалар да бар.

Солдан оңға: украиналық саясаткер Виктор Медведчук, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 17 тамыз 2013 жыл.Солдан оңға: украиналық саясаткер Виктор Медведчук, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 17 тамыз 2013 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин жақында Украинаға барды. Сол сапарында ол Януковичпен емес, көбінше Медведчукпен бірге жүрді. Өткен аптада Сочидегі спорт жарысына барған Медведчук Путин, Ресей премьері Медведев және Қазақстан президенті Назарбаевпен суретке түсті.

Украинаның құпия саясатына ерекше үлес қосып келе жатса да, Медведчук халықтың ықыласына ие бола алмады.

«Путин Украинаның шығысында беделді болғанымен, халықтың Медведчукті қолдауына ықпал ете алмайды» дейді киевтік сарапшы Кость Бондаренко:

– Ресейдің Украинадағы ойыны нәтижесіз болатынын бірнеше сайлау көрсетті, – дейді ол.

Саясаткер Тарас Березовец те «Кремль қаржылық көмек көрсеткен күннің өзінде Медведчук Януковичпен бәсекелесе алмайды» дейді.

– Ары кетсе ол Януковичтің ресейшіл сайлаушылар дауысынан қағылуына ықпал етіп, сәл әлсіретер. Мүмкін, Медведчуктің тарихи міндеті Януковичті екінші рет сайлатпау шығар, – дейді саясаткер.

Евгений Солонина мен Роберт Коалсонның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.