АЛТЫНОРДА
Новости

Павлодар қаласының жасы ұзарды

434_f7edb00ec5fb31dad381f244c0791900Астана. 29 тамыз. Baq.kz – Петропавл мен Павлодар қаласының атауларын қазақшалаймыз дегенде талас тудыратын атаулар бар. Әсіресе, Павлодар қаласын қазақша атаймыз деген тұста ғалымдардың пікірі бірнеше жікке бөлінеді.

 Енді бұл мәселеге қатысты жаңа деректер жарық көрді. «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде оқырмандарымен кездесу барысында филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, алаштанушы, жазушы Тұрсын Жұртбай Павлодар қаласының атауына да қатысты пікірін білдірді.
Ғалым Павлодар қаласының атауына қатысты деректерді тапқанын айтады: «Павлодар қаласын Кереку деп атайық деген бастаманы қолдаймын. Кереку атауын орыстың Коряков деген көпесімен байланыстырады. Бұл қате. Анығы, Кереку көне түрікше атау. Ертіс өзенінің керіліп жатқан жағасында ағаштан керіп үй жасаған көшпенді халықтың жерін көршілері «Керегу» деп атап кеткен. Бұл туралы мәліметтер мұрағаттарда кездеседі. Бұл атау шамамен VI ғасырлардан бастау алады» дейді ғалым.
Ғалымның пікіріне сүйенсек, Павлодар қаласының жасы 1500 жылдан асады.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС