АЛТЫНОРДА
Новости

Сирия шабуылға тойтарыс беруге дайын

434_95dd9ce2ab026971b4bcad8a570c276bАСТАНА. 1 қыркүйек. BAQ.kz — Сирия әскери күштері кез келген шабуылға тойтарыс беруге дайын деген мәлімдемені Сирия қауіпсіздік қызметінің өкілі жасады,- деп хабарлайды 24 KZ телеарнасы.

 

РФ Президенті Владимир Путин Сирия билігі әскерінің химиялық қару қолданбағанын, бұл тек басқа елдерді Сириядағы шиеленіске араластыру және халықаралық қауымдастықтар тарапынан қолдау табу үшін жасалынып отырған әрекет екендігін алға тартып отыр.
Владимир ПУТИН, Ресей Федерациясы Президенті:

— АҚШ-тың Сириядағы химиялық қаруға қатысты нақты дәлелдері болса, онда БҰҰ сарапшылары мен қауіпсіздік кеңесіне берсін. Ал егер айғақтар болып тұрып, оны құпия сақтаса, бұл ешқандай сынға келмейтін әрекет, әрі халықаралық әріптестерін құрметтемеу деп түсінемін.

 

http://www.baq.kz/kk/news/34902