Рианна әйгілі биші, әнші әрі актриса Жозефина Бейкер туралы фильмге түсетін болды. Аталмыш туындыда Ри-Риге басты рөлді сомдау бұйырып отыр деп жазады loveradio.ru.
Фильмге аты аңызға айналған әйелдің қатал тағдыры, өмірде жүріп өткен қиын жолы және азаматтық құқық үшін күресуі арқау болады. Тіптен, әртістің әр түрлі нәсілге жататын 12 жетім баланы асырап алғаны белгілі.
Бейкердің аты бір жағынан ашық костюммен сахнаға шығуы арқылы да танылды. Мәселен, моншақтан тігілген кеудеше мен бананнан жасалған белдемше киіп шыққан оны көрермендері ұмытқан емес.
Рианнаның Жозефина бейнесін толықтай ашатынына сенімді туынды продюсері Ланс Рейнолдс
«Рианна-қазіргі замандағы ең танымал өнер адамдарының бірі. Әрі киноға қажетті шоуды жасау оның қолынан келеді. Ол Жозефинаны экранға қайта оралтады» дейді.
Фильм көрерменіне келесі жылы жол тартады деп күтілуде.