АЛТЫНОРДА
Новости

ЗУЛЬФИЯ ҚЫТАЙ АЗАМАТЫН ТАҢДАДЫ

ebf896c52e493355162536a573980e75«Зульфия Чиншанло тұрмысқа шықты» деп хабарлады vesti.kz. Ауыр атлетші арудың неке қию рәсімі биылғы жаздың алғашқы айын­да жасырын түрде өткен көрі­неді. Әлемнің екі дүркін және Олим­пиада чемпионы өмірлік серік болуға қытай азаматын таңдапты.

Қазақ жұртын қайран қалдырған шынашақтай Чиншанлоның сөзіне қарағанда, екі жас бір-бірін бұрыннан таниды екен. Олар ең алғаш Қытайда ауыр атлетикамен айналысуды бас­таған жылдары танысқан. Болашақ күйеуі оған ұдайы демеу көрсетіп ке­ліпті. Бірі Қазақстанда, екіншісі Қы­тай­да жүріп жаттығатындықтан кез­десуге уақыттары болмаған, тек жы­лына бір рет демалысқа шыққанда ғана көрісіп тұрған. Қалған уақытта интер­нет арқылы хат жазысып келген.
Зүльфия Чиншанло Олимпиадада жеңіске жетіп, Қазақстанда дүркі­ретіп жатқанда болашақ күйеу Ал­матыға келіп, Азаматтық хал-актілерін жазу орталығында тіркеуге тұрған. Дүркіре­тіп той өткізуді екеуі де қаламаған соң, бұл оқиға елеусіз қалған көрінеді. Қуа­ныштарына жақын-жұрағаттары мен достарын ғана шақырып, кішігірім дас­тарқан басында атап өткен. Журналис­тер­дің елді басына көтеріп, жарыса жазға­нын қаламаған болуы керек.
Осылайша екінші қыз да теңін тапты. Бұған қазақтан бұрын Қытай жұрты қуанып жатқан болар.

 

Айқын-ақпарат