АЛТЫНОРДА
Новости

Алтын адам табылған алғашқы аймақ

a956af548ed297e63374b78a560eb105Алматы облысының Есік қаласы Алтын адам табылған аймақ ретінде күллі әлемге танылған. 1970 жылы қаланың солтүстігін­дегі өзі аттас өзеннің жағалауынан алтын киімді сақ жауынгерінің моласы табыл­ған­да қазақ жері ғана емес, күл­лі әлем бір елең еткен еді.

Белгілі ғалым Кемел Ақышев жетекшілік еткен археологиялық топтың бұл тарихи табысы темір дәуірінің ескерткіші саналады. Бұл ескерткіш Жетісу жерін мекендеген сақтар мемлекетінің өркениеттің биік шыңына көтерілгенін  айғақ­тап тұр. Алтын адамның киіміндегі алтын әшекейлердің саны 4 мыңға жуық. Табылған мүрдені зерттеу­ші­лер сақ ханзадасы немесе әскер­басы деп топшылайды.Алтын адам бейнесі бүгінде ел тәуелсіз­дігін танытатын басты белгілердің бірі­не айналды.

Есік маңындағы ерте заманнан жеткен көптеген оба-қорымдар бұл аймақтың «Сақтар астанасы» деп бағалануына ықпал етті.

«Мәдени мұра» стратегиялық ұлт­тық жобасы аясында 2010 жылы «Есік» мемлекеттік тарихи-мә­дени қорық-мұражайы құрыл­ды. Бұл рухани-мәдени жаңалық­тар­дың барлығы да өңірде бо­ла­шақта тарихи-танымдық ту­ризм­ді дамытуға зор мүмкіндік береді.

Тақырыпты Алтын адам табыл­ған алғашқы аймақ деуіміздің өзін­­дік себебі бар. Өйткені мұндай алтынмен апталған адам кейіннен еліміздің басқа өңірлерінен де та­бы­ла бастады. Десек те, әлемдік та­рих­қа үлкен жаңалық әкелудің ба­сы Есіктен басталғаны – шындық.

 

http://alashainasy.kz/society/45470/