АЛТЫНОРДА
Новости

«АЛТАЙДЫҢ АЛТЫНЫ» ҚЫТАЙДА КӨРСЕТІЛЕДІ

d3c2ba5896e97400eb0289882450cab2Алдағы қазан айында Қытайда өтетін Қазақстанның мәдени күндерінде Берел қорымдарынан табылған бағалы бұйымдар «Алтайдың алтыны» деп аталатын көрмеге қойылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед хабарлады.
Талай рет тоналса да, жер астында қалған бағалы әшекей, қару-жарақ пен әбзел қалдықтары тарихтан талай сыр шертеді. Бұлайша қорытынды жасауға Астанада жасалған заманауи зерттеулердің себепші  болған көрінеді. Берел қорымдарынан шыққан заттар Қытайда өтетін Қазақстанның мәдени күндерінде  жұрт назарына ұсынылады. Археолог Зейнолла Самашевтің айтуынша, қорымда жатқан мүрде иесінің қандай дәрежелі адам болғанын қасындағы бұйымдарынан бөлек құрбандыққа шалынған аттың санынан-ақ білуге болады екен.

Тағы бір қорым әлі күнге қазылмаған күйде тұр. Археологтар бұл қорым мүлде тоналмауы мүмкін деген тұжырым жасапты. З.Самашев бастаған археологтар екі жылда Патшалар жазығынан басқа жерде тағы бір жаңа олжаға жолығыпты. Онда адам мүрдесі және көне қобыз табылған. Не де болса Берелден табылған бағалы заттар қытайлықтарды қайран қалдырары даусыз.

 

http://www.aikyn.kz