АЛТЫНОРДА
Новости

СҚО-да тарихты зерделеу мәселелерін үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті

3bb2256764dd1bbffcf1b5c8925f5919Солтүстік Қазақстан облысында өңір басшысы Самат Ескендіровтың төрағалығымен ұлттық тарихты зерделеу мәселелерін үйлестіру жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қоғамдық кеңес мәслихаттың сессиясында бекітілді. Оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ғылыми интеллигенция, Солтүстік Қазақстан облысының азаматтық қоғам институттары кірді.

Отырысты ашқан аймақ әкімі қоғамдық кеңесті құру ұлттық тарихты зерделеу мәселелерін үйлестіру бойынша өңірлік деңгейдегі нақты және жоспарлы жұмыстарды жолға қоюға бағытталғанын атап өтті.

Күн тәртібіне 3 мәселе енгізілді. Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы Ішкі саясат басқармасының басшысы Салауат Мұқсымов баяндады.

Кеңестің негізгі мақсаты ұлттық тарихты зерделеу және насихаттау, тарихи-өлкетану қызметін жетілдіру, мәдени-тарихи мұраларды зерттеуге ғылым тұрғысынан қадам жасау және өзге де мәселелер бойынша жергілікті билік органдарының жұмысын үйлестіру бойынша ұсыныстар енгізу болып табылады.


 

http://bnews.kz/kk/news/post/158329/