АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ЖАҢА ТАҚИЯ ТІГІЛДІ

такияҚазақстан футболының 100 жылдығына орай Семей қаласында арнайы тақия тігілді. Бас киім футбол добы пішіндес және қазақы ою-өрнектермен зерленгенҚалалық Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Куржикаевтың айтуынша, барлығы 200 тақия тігіліп, келген құрметті қонақтарға кәдесый ретінде таратылған. Сондай-ақ, мерейтоға орай жаңартылған «Спартак» стадионына тақия кигізілген футбол добының мүсіні қойылды.

Айта кетейік, 20-22 қыркүйек аралығында аталып өткен Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына мәскеулік «Спартак», Қазан қаласының «Рубин», Бішкектің «Алғи», алматылық «Қайрат», киевтік «Динамо» командаларының ардагерлері қатысты. Сондай-ақ,  әлем футболының аңызына айналған неміс футболшысы және жаттықтырушысы Хорст Хрубеш келді.

Дуанабай Жолдасбек

://www.aikyn.kz