Алматыда «Lumiere» сценарийлік агенттігі құрылды. Кино сценарий туралы толық ақпарат ұсынылған ашық үлгідегі мамандандырылған сценарийлік агенттік әзірше ТМД аумағында жоқ көрінеді.
«Біздің мақсатымыз — киносценарийшілердің кәсіби деңгейін арттыру үшін кинодраматургия шеберлерінің басын біріктіру арқылы барлық кинематографиялық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға септігімізді тигізу», — дейді агенттік төрағасы Жайық Сыздықов.
Қазақстандық агенттік ашық жұмыс істеуді басшылыққа алып, әуесқой сценарий жазушылармен де бірлесіп жұмыс жасамақшы және олардың құқын қорғайды.
Дуанабай Жолдасбек