АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БРЕНДІ САРЫАҒАШТА ЖАСАЛАДЫ

жузмCaspian Food» деген жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметкерлері қазірдің өзінде 123 гектардан   600 тоннадай жүзім жинадыЖүзім болғанда қандай! Бас бармақтай. Кінәрат таппайсыз. Сулы. Тәтті жүзім.

Бұл ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысында. Ол Сарыағаш ауданындағы  Құркелес деп аталатын ауылдық округінде. ЖШС –де жиын-терім науқаны әлі де толық аяқтала қойған жоқ. Олар шараптық жүзім егуді осыдан  үш жыл бұрын ғана қолға алған еді. 222 гектар жерге жүзімнің жаңа сұрыптарын отырғызды. Соның тең жартысынан астамы биыл өнім бере бастады.

Кәсіпкерлердің талпыныстары тамаша.  Жер телімдерін алған соң  жүзімнің жоғары сапалы «Ркациотелли», «Саперави» сорттарын екті. Бұлар, атаулары айтып тұрғандай, Грузияда шығарылған жүзім сорттары жузмболса керек. Одан соң әлемге әйгілі болған францияның жүзім шараптары дайындалатын сортттарға ден қойды. Шет елден арнайы келген мамандардың аутулары бойынша  еуропалық «Каверне Совиньон», «Совиньон Бланш» тағы басқа сұрыптар егілді. «Жат жердікі, жерсінбейді» деген кейбір мамандардың пікірлері теріске шықты. Керісінше, жүзімдік Франциядағыдан да жақсы, бітік өсті. Жапырақтары  жайқалды. Сарыағаштың жері құнарлылау болғандықтан шығар. Жемістері үлкендеу сияқты. Ең бастысы, жеміс дәмдірек.

Жақында Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ЖШС-ның жүзімдік алқабын көрді.

Мәселенің мән-жайы мынада. Президентіміз Францияға жасаған жұмыс сапарларының бірінде ірі шарап өндірушілермен кездескен. Сонда Қазақстанда сапалы шарап өндіру туралы келіссөз жүргізілген болатын. Франциялық мамандар Қазақстанға келіп, жоғары сапалы  шарап дайындау үшін жүзім сорттарын егуге келіседі. Осы заманғы технологиялармен жұмыс істейтін құрал — жабдықтар керек  екенін айтқан еді.вино

Елбасының тапсырмасы бойынша жергілікті билік Сарыағаш ауданынан 600 гектар жер телімдерін бөлді.

Сарыағашта әлігі жоғары сапалы жүзім сорттарының егілуіне  Президентіміздің  Францияға барған сол жұмыс сапарының  нәтижесі. Бұл туралы Елбасымыздың өзі айтып берді.

ЖШС жақында инновациялық технологиялар бойынша жұмыс істейтін шарап зауытын салды.

-Бұл шарап болашақта Қазақстанның атын шығаратын брендке айналады,-деген еді Елбасы Оңтүстіккке жасаған соңғы сапарында.

Осы күндері Сарыағаштағы «Caspian Food» ЖШС-інде  Қазақстанның брендін шығаруға нық қадамдар жасалып жатыр. Бұл шараға облыс әкімі Асқар Мырзахметов, аудан әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев  қамқорлық жасап, бас-көз болып жүр.

Қазір Сарыағаш ауданында  төрт шарап шығаратын зауыт бар. Оларда жылына 33 мың тонна шарап өнімдері  дайындалады.

Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы