АЛТЫНОРДА
Новости

Мәскеудегі тәртіпсіздікте 400-дей адам ұсталды

EDCC94A0-E298-426F-9EAD-397CC0AFEB65_w308_r1Жексенбіден дүйсенбіге ауған түні Мәскеудің Батыс Бирюлево ауданындағы тәртіпсіздікте 380 адам ұсталды. Оқиға кезінде ұлтшылдық ұранын көтерген жастар көшеде тұрған көліктерді ұрып сындыра бастаған.

Азаттық радиосы Орыс қызметінің хабарлауынша, мұның алдын жиналғандар 25 жастағы жергілікті тұрғын Егор Щербаковтың өліміне кінәліні табуды талап еткен. Соңынан радикалды жастар дүкендерді сындырып, көшені жауып тастаған. Олар Щербаков мигранттардың бірінің қолынана қаза тапты деп санайды.

Осыдан кейін Батыс Бирюлеводаға «Бирюза» сауда орталығының маңына ондаған адам жиналып, миграциялық саясатты күшейтуді талап еткен. Оларды полиция қоршауға алғанда қақтығыс болды.

Қақтығыста зардап шеккендер бар.

 

http://www.azattyq.org