АЛТЫНОРДА
Новости

«Ходорковский ісі» екпіні Қазақстанға да жетті

khodorkovsky_200710040318470Қазақстан азаматтары ресейлік тергеушілердің Мәскеудегі аудандық сот қаулысы бойынша Алматыда тінту жүргізгеніне наразы болды.

Михаил Ходорковский сот үкімін естіп тұр. Мәскеу, 30 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Михаил Ходорковский сот үкімін естіп тұр. Мәскеу, 30 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан мен Ресей полициясының заңгер Игорь Новиковтің пәтерін тінтуі заңға сай не сай еместігіне тексерген Алматы қалалық соты қазанның 16-сы күні «қазақстандық құқық қорғау органдары ешқандай заңды бұзбаған» деген шешім шығарды.

Бұған дейін Алматының Медеу аудандық соты да осындай шешімге келген еді.

Медеу аудандық сотының шешіміне байланысты апелляциялық шағымды Ресей түрмесінде отырған бизнесмен Михаил Ходорковскийге байланысты күдікке ілінген ерлі-зайыпты Новиковтардың мүддесін қорғаушы адвокат Александр Розенцвайг берген еді. Адвокаттың сөзінше, енді Қазақстан соты бойынша шешімді даулау мүмкін емес. Адвокат сондықтан БҰҰ-ның адам құқығы бойынша комитетіне шағымданатынын айтты.

Розенцвайгтың айтуынша, Игорь Новиков қазір Қазақстанда емес, сондықтан сотқа қатыса алмаған.

«ХОДОРКОВСКИЙДІҢ МҮДДЕСІ»

Қазақстан азаматы Игорь Новиков пен оның жұбайы Елена Новикова (Ресей азаматы, Ресейдегі құқықтық және экономикалық орталықтың құрылтайшысы) Ресейдегі қылмыстық құқықты гуманизациялау жобасына қатысқан еді.

Кейін Мәскеудегі Басман соты «Новиковтар пікірсайыс, талқылау, монография

Новиковтардың адвокаты Александр Розенцвайг.Новиковтардың адвокаты Александр Розенцвайг.

жазу арқылы Михаил Ходорковскийдің мүддесіне бола Ресейде қылмыстық құқықты гуманизациялау керек деген елес туғызған» деген қаулы шығарған. Бірақ Новиковтарға ресми айып тағылмаған.

Сәуір айында Қазақстан прокуратурасы мен қаржы полициясы Ресейдің тергеу комитетінің өтініші бойынша ресейлік тергеушілерімен бірлесе отырып, Игорь Новиковтың Алматыдағы пәтері әрі кеңсесі есепті ғимаратты тінтіп, оның қаржылық құжаттарын, компьютер және тағы басқа заттарын тәркілеп әкеткен.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕГЕМЕНДІГІ»

Адвокат Александр Розенцвайг ресейлік тергеушілердің Мәскеудегі Басман аудандық сотының қаулысы бойынша Алматыда тінту жүргізгені Қазақстан заңына қайшы екенін айтады.

– Ресейдің тергеу комитетінің тергеушілері Қазақстан қаржы полициясының атын жамылып, тінту жүргізген. Мұндайға заңымызда тыйым салынған. Бәрінен де Қазақстан азаматы Игорь Новиковтың пәтерін тінту туралы қаулыны қазақстандық қаржы полициясының орындағаны күйдіреді, – деді адвокат Александр Розенцвейг сәрсенбі күні таңертең өткен баспасөз мәслихатында.

Республикалық адвокаттар одағы төрағасы Әнуар Түгелдің сөзінше, «өзін-

Қазақстан адвокаттар одағының төрағасы Әнуар Түгел. Алматы, 27 қыркүйек 2013 жыл.Қазақстан адвокаттар одағының төрағасы Әнуар Түгел. Алматы, 27 қыркүйек 2013 жыл.

өзі сыйлайтын кез-келген мемлекетте шетелдік арнайы қызмет өкілдерінің мұндай әрекеттері тоқтатылуы тиіс».

– Бұл Қазақстанның  халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттемелері мен ұлттық заңнамаға қайшы, тіпті ел егемендігін бұзады.  Конституция бойынша құқық қорғау органдары азаматтарымыздың құқықтары мен еркіндігін қорғауға міндетті. Ал біз өз территориямызда Мәскеудегі Басман сотының қаулысынан қорғана алмай отырмыз, – дейді Әнуар Түгел.

ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ: «ТЕРГЕУШІЛЕР ІСПЕН ТАНЫСЫП ЖАТЫР»

Ерлі-зайыпты Новиковтардың адвокатының айтуынша, сәуір айында Қазақстанның бас прокуратурасы тінтуге қатысу туралы Ресей тергеу комитетінің өтінішін қанағаттандырған. Бірақ тінту кезінде заңда белгіленгендей қазақстандық тергеушілер емес, ресейлік тергеушілер белсенділік танытқан.

Розенцвайгтың сөзінше, осыған байланысты төрт мәрте Медеу аудандық сотына шағым түсірген. Бірақ сот шағымды қанағаттандырмаған.

Азаттық тілшісі бұл оқиғаға қатысты Қазақстанның бас прокуратурасынан жауап ала алмады.

Ал қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай тергеушілердің

Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай.Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

материалды енді ғана алғанын хабарлады.

– Алматыдағы департаментпен қазір ғана сөйлестім. Тергеушілер енді ғана материалдарды көтеріп жатыр. Сондықтан жауапты бүгін беріп үлгере алмаймыз. Негізі бұл бұрын болған екен. Жауап әзірленіп жатыр, – деді ол қазанның 16-сы күні кешке таман Азаттық тілшісіне.

Ресейлік бизнесмен, 2007 жылы банкротқа ұшыраған «ЮКОС» компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский 2004 жылы «алаяқтық жасады және салық төлеуден жалтарды» деген айыптармен сотталып, 9 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін кассациялық шағым бойынша сот оған кесілген жазаның бір жылын қысқартқан.

Бірақ 2010 жылы – жазасының мерзімі аяқталар алдында Ходорковскийдің үстінен екінші қылмыстық іс қозғалып, ол 14 жылға сотталған. Кейін Мәскеу қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы Михаил Ходорковскийдің жаза мерзімін бір жылға кемітті. Ал 2012 жылы 20 желтоқсанда Мәскеу қалалық сотының төралқасы Ходорковскийге тағайындалған жаза мерзімін 13 жылдан 11 жылға қысқартқан.

Ходорковскийдің жақтастары «оның қудалануының саяси астары бар» деп санайды.