АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақтың тілін үйрету үшін барлық әкімшіліктер көңіл бөліп, оқытып, үйретуі керек — Мемлекет басшысы

рррМемлекеттік тіл мәселесіне барынша ден қоятын кез келді. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХV съезі барысында партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Елбасы «Нұр Отан» мемлекеттік тілді нығайту, қазақтың дәстүрін, мәдениетін жаңғырту жұмыстарының тиімді жүйесін жасауы тиіс дей келе: «Доктринада мемлекеттік тіл ел бірлігінің факторы ретінде аталғаны да аса маңызды. Бұл мәселеге барынша ден қоятын кез келді. Қазақ тілін білу азаматтық парызымыз ғана емес, ұлтқа деген құрметті білдіру болып табылады. Отан дегеніміз отбасындағы өнегелі тәрбиеден басталады. Осыны әрбір азамат есінен шығармауы тиіс», — деп баса айтты.

Сондайақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақша сөйлейтін халқы 70 пайыздан асқан өңірдің барлығы қазақ тіліне көшуі керек», — деді.

«Бұл — ана тіліміз бен ата-дәстүріміздің, ұлттық мәдениетіміздің мәңгі жаңғыру дәуірі. 2025 жылға дейін мектептегі балалар түгел қазақша оқып шыққан кезде барлығымыз қазақ тіліне көшетіндігімізді айттық. Конституцияда екі тілділік деген мәселе бар. Бұл — елдің бірлігі үшін, сыртымыздың және ішіміздің бүтіндігі мен тыныштығы үшін жасалып отырған амал. Тәуелсіздік алған жылы халқымыз қанша болғанын баршаларыңыз білесіздер. Ал қазір қазақша сөйлейтін халқы 70 пайыздан асқан өңірдің барлығы қазақ тіліне көшу керек», — деді Елбасы.

Осы орайда Президент ана тілін аталған көрсеткіштен аз меңгерген облыстар алға қарай жылжуы тиіс екенін қадап айтты.

«Қазақтың тілін үйрету үшін барлық әкімшіліктер көңіл бөліп, оқытып, үйретуі керек», — деді Мемлекет басшысы.

 

http://ult.kz/article/view?id=2356