АЛТЫНОРДА
Новости

Пәкістанда жыныстық азшылыққа қысым күшейді

4ADF0CA8-2D50-44B7-BB40-CC1AF4842BB3_w183_r1_cy4Жақында Пәкістанда транссексуалдар соттасып, өз құқықтарын қорғап қалды. Бірақ көп ұзамай Пешавар қаласының полицейлері мен тұрғындары транссексуалдардың үйлеріне шабуыл жасады.

Жыныстық азшылық шеруіне келген пәкістандық трансвестит. Пешавар, 3 маусым 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Жыныстық азшылық шеруіне келген пәкістандық трансвестит. Пешавар, 3 маусым 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Зеба — екі жыныс мүшесімен (ер мен әйел мүшелерімен – ред.) туған транссексуал. Ол Пәкістанда транссексуалдар құқығын қорғаумен айналысады.

Зебаның Пешавар қаласы Имамия ауданындағы үйіне қазанның 20-сы күні полицейлер басып кірді. Ашулы көршілер мен полицейлер оның мүлкін қиратып, өзіне қоқан-лоқы көрсеткен.

Зеба «соңғы жылдары Пешаварға көшіп келген транссексуалдардың біразы осындай шабуылға ұшырағанын» айтады.

— Мұң-зарымызды ешкім тыңдамайды. Енді жергілікті халық полициямен бірігіп, үйімізге шабуыл жасай бастады. Мүлкімізді талқандап, өзімізді ұрып-соғады. Кейбір жолдастарымыз ауруханаға түсті. Оңдырмай жарақаттап кеткен, — дейді ол.

«ҮШІНШІ ЖЫНЫС»

Пәкістан жоғарғы соты 2009 жылы жеке бас куәліктеріне «үшінші жыныс» деген категорияны енгізу туралы шешім қабылдағалы көптен қағажу көріп келе жатқан

Пәкістанда 2013 жылы мамыр айында өткен сайлауға транссексуалдар атынан түскен әйел Санам Факир (оң жақта).Пәкістанда 2013 жылы мамыр айында өткен сайлауға транссексуалдар атынан түскен әйел Санам Факир (оң жақта).

жыныстық азшылық өкілдері «енді жағдайымыз біршама түзеліп қалар» деп үміттенген.

«Үшінші жыныс» деп көбіне әтектер, гермафродиттер, транссексуалдар және трансвеститтерді айтады. Оларға Пәкістанның барлық азаматтары пайдаланатын құқықтар мен бостандықтар берілген.

«Үшінші жыныс» туралы сот қаулысынан екі жыл өткен соң Пәкістанның сайлау мекемелері транссексуалдардың сайлауға қатысуына рұқсат берді. Бірақ жыныстық азшылық өкілдерінің биыл мамыр айында өткен сайлауға қатысып, дауыс беруі оларға деген наразылықты қайта күшейтті.

Соңғы жылдарда жасалған осы өзгерістерге қарамастан, Пәкістандағы азшылық өкілдерінің жағдайы қиын. Дискриминацияның кесірінен олар жұмысқа тұра алмайды, көбінесе оларды қорқытып, кемсітіп, соққыға жығып кетеді.

«ХВАДЖА САРА»

Транссексуалдардың көбі өздерін кәсіби биші ретінде сипаттайды. Олар көбінесе тойларда билейді.

Транссексуалдар тойда билеп ақша табады. Пәкістан, Карачи, 7 желтоқсан 2010 жыл.Транссексуалдар тойда билеп ақша табады. Пәкістан, Карачи, 7 желтоқсан 2010 жыл.

Мәселен, Зеба өзін «Хваджа Сара» деп атағанды қалайды. 17-18-ғасырларда Моғол империясының сарайларында би билейтін транссексуалдарды осылай атаған.

Белсенділердің айтуынша, олардың басты табыс көзі – қайыршылық пен жезөкшелік. Олар көбіне құлдық пен жыныстық зорлыққа ұшырап, қылмыстық топтардың құрбанына айналады. Сондықтан жыныстық азшылық өкілдері Пешавардағы Имамия ауданы сияқты жерлерге шоғырлана қоныстанады. Бірақ олардың осы ауданда тұратын сүнниттер және шииттермен, пәкістандық христиандармен қарым-қатынасы шиеленісіп тұр.

«ТАЗАЛАУ НАУҚАНЫ»

Тұрғындар транссексуалдарды Имамия ауданынан қуып шығу мақсатында күш біріктірді. Бұл шараны 48 жастағы сүннит мұсылман Абдул Рехман қолға алды.

Абдул Рехман Имамия ауданындағы үйлердің қожайындарына ықпал етіп, транссекуалдарды бұл маңайдан көшіріп жіберуді көздейді. Өзі бұл шараны «тазалау науқаны» деп атайды.

— Бұлар өздері тұратын үйлерін бордельге айналдырды. Оларға көбіне қылмыскерлер қонаққа келеді. Бірде түн ішінде мас біреудің боқтық сөз айтып бара жатқанының куәсі болдым. Бір кісі оны тәртіпке шақырғысы келіп еді, әлгі

Шеруге шыққан транссексуалдар билеп жүр. Пәкістан, Карачи, 7 желтоқсан 2010 жыл.Шеруге шыққан транссексуалдар билеп жүр. Пәкістан, Карачи, 7 желтоқсан 2010 жыл.

адам оны атып өлтірді. Бұл оқиға жергілікті полиция учаскесінде тіркелген. Оған қоса транссексуалдар балаларымның және осы ауданда тұратын басқа да балалардың сана-сезімін бұза ма деп алаңдаймын. Жас балалар аңқау болады, олар азғындарға еріп, гомосексуал болып кетуі мүмкін ғой, — дейді Абдул Рехман.

15 жасында үйінен қуылып, осы ауданға көшіп келген транссексуал Шамаа Рехман «Пәкістандағы көпшіліктің жыныстық азшылық туралы пікірі бір-біріне өте ұқсас» дейді.

— Бұған не деймін. Адамдардың біз туралы пікірі, бізді кемсітуі олардың ойлау жүйесі мен өресіне байланысты. Біз ағаштан өсіп шыққан жоқпыз, біз  де — олар сияқты кәдімгі адамбыз. Біз де — пуштунбыз, біз де — азаматпыз, — дейді ол.

«АЛЛАНЫҢ ҚАҺАРЫНА ҰШЫРАҒАНДАР»

Пешавардағы транссексуалдар өздерін мұсылман санайды. Алайда Пешавардың жергілікті депутаты, биліктегі Tehrik-e-Insaf партиясының мүшесі Джавед Насим бұл пікірмен келіспейді. Насим оларды гомосексуалдармен теңестіреді және «үшінші жыныс» деген ұғымның өзі исламға қайшы» дейді:

— Егер мен жынысымды ауыстырсам, Алланың қаһарына ұшыраймын. Бетіме қараған әрбір адам күнә жасайды. Алланың айтуынша, егер сіз бұл дүниеге ер не әйел болып келсеңіз, оған сол қалпыңызда қайтуыңыз керек, — дейді Насим.

Жыныстық азшылық шеруіне келген транссексуал. Пәкістан, Пешавар, 3 маусым 2010 жыл.Жыныстық азшылық шеруіне келген транссексуал. Пәкістан, Пешавар, 3 маусым 2010 жыл.

Пәкістан адам құқықтары комиссиясының директоры Рехманның айтуынша, «соңғы кездері елдің солтүстік-батысындағы транссексуал азшылықтың ахуалы күрт нашарлап кетті».

— Жалпы Пәкістанда Хваджа Сараларға қауіп төніп тұрған жоқ. Хибер-Пахтунхва провинциясында [билікке келген жаңа коалицияның] «жаңарған ислам» ұстанымының арқасында оларға оң көзқарас пайда болды. Пәкістандағы құқық қорғаушылар жеке куәліктерді жасатуға байланысты оларға қолдау көрсетті. Белсенділер оларға арнап түрлі семинарлар мен сабақтар өткізді. Бірақ гейлердің құқықтарын былай қойғанда, гей емес жай халықтың да құқықтары қорғалып жатқан жоқ. Мұндай жағдайда гейлердің құқығы қалай қорғалуы мүмкін? — дейді ол.

Пешавардағы транссекуалдар қауымдастығының мүшелері өз құқықтарын қорғауға талпыныс жасап жатыр. Өткен аптада олар көшеде шеру өткізіп, зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етті. Алайда бұл наразылық шарасы полициямен қақтығысқа ұласып, тәртіп сақшылары оларды резеңке шоқпарлармен ұрып, таратып жіберді.

Маджид Бабар мен Рон Синовицтің мақаласын ағылшын тілінен аударған — Мұхтар Екей.


http://www.azattyq.org/