BBCорыс қызметінің хабарына қарағанда 17 қарашада Грузияның жаңа президенті Георгий Маргвелашвилиді ұлықтау рәсіміне қатысатын елдерден келетін қонақтар қатарына орыстарды енгізбепті.
Грузияның сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе хабарлағандай, шақырылған ресми делегациялардың арасында ЕО елдерінің, НАТО блогына кіретін мемлекеттердің, сондай-ақ Еуроодақтың «Шығыс әріптестігі» бағдарламасы мүшелерінің өкілдері бар. Бұдан басқа, инаугурацияға Грузия елшіліктері мен консулдықтары бар барлық елдердің өкілдері шақырылады.
Дуанабай Жолдасбек