АЛТЫНОРДА
Новости

Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазарына жол салынуда

hijhАСТАНА. 6 қараша. BAQ.KZ – Жақын уақытта мәдениет және сәулет ескерткіші — Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазарына қиындықсыз жетуге болады, оған салынып жатқан жол республикалық бюджеттен қаржыландырылуда. Бұл туралы Өскеменде өткен баспасөз мәслихатында Аягөз ауданының әкімі Нұрбол Нұрғалиев мәлімдеді.

Тас жол салынып, жолдың бір бөлігіне асфальт төселді. Жұмыс толығымен келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Аягөз ауданы Таңсық станциясынан 11 шақырым қашықтықта орналасқан қос ғашықтың мазары біздің заманымызға жеткен Қазақстандағы көне ескерткіштердің бірі болып табылады.
Мазардың жалпы биіктігі — 11, 65 метр. Мазардың күмбезіне жету үшін 9 адам біріні үстіне бірі шығуы қажет. Ескерткіш Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың қайғылы махаббаты туралы көне аңызбен байланысты.

 

http://baq.kz/kk/material/318