АЛТЫНОРДА
Новости

Украин халқы мен оппозиялық партия өкілдері билікке қарсы наразылық шеруін өткізуде

мсаАстана. 27 қараша. Baq.kz — Кеше кешке таман Киевте мәдениетті басталған митинг соңы шерушілер мен милиция арасындағы қақтығыспен аяқталды. «Беркут» арнайы жасағы шерушілерді сабырға шақырғанмен, нәтиже болмады. Қарсы шыққан ереуілшілер күштік құрылым жасақтарының өзін таяқпен сабап, жасаурататын газды қолданып та үлгерді. Және ереуілші топ милицияның халық жаққа өтуін талап етті. Киев милициясы шерушілерге қатысты бұзақылық және құқық қорғаушыларға қарсы шабуыл жасағаны үшін екі адамды қамауға алды. Киев милициясы егер шерушілер заңды белшесінен басып, халықты қасақана арандатқан болса, жаза түрі ауыр болатынын ескертіп отыр, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.

Ольга Билык, Киев милициясының баспасөз жетекшісі: 
— Кеше түнде орын алған қақтығысты шерушілер бірінші болып бастады. Олар «Беркут» жасағына қарсылық танытып, шоқпармен ұрған. Заң бойынша шерушілер бұзақылық жасап, жолды жауып, күштік құрылымдарға қол көтерген болса, оларға қатысты жаза түрі де осал болмайды. Егер митинг мәдениетті түрде өткен болса, милиция халыққа қарсы ешқашан бармайды.

 

Украинаның Үкімет жетекшісі Николай Азаров еуроинтеграцияны қолдауға бағытталған акциялардан қорықпайтынын, тіпті бұл шаралардың арнайы және қаржыға ұйымдастырылуы мүмкін екенін мәлімдеп отыр. Алайда Еуропарламент те Украинаның келісімге қол қою мүмкіндігінің бар екенін таңертең ғана мәлім етті. Бұл туралы Украина бойынша Еуропалық комиссия Президенті Жозе Мануель Баррозу хабарлап отыр.

Аида Қыдырбайқызы, тілші: 
— Украинаның Еуроодақпен келісімнен бас тартқаны халық көтерілісінің басты себебі болып отыр. Түнімен қақтығыстан көз ашпаған алаң таңғысын тыныш сияқты. Алайда шерушілер 29 қарашаға дейін билікке қарсы наразылық акциясын үдете түсеміз деп, үркітіп отырған жайы бар. Дәл осы күні Вильнюстегі саммитте Украинаның Еуроодақпен келісімге қол коюы жоспарланған. Бұл ретте Украинаның бас ауруына айналған Юлия Тимошенко да мерзімсіз аштық жарияланғанын мәлім етіп отыр. Оның да биліктен басты талабы Украина геосаясатын Еуропаға қарай бағыттауы тиіс.

 

http://baq.kz/kk/news/39843