АЛТЫНОРДА
Новости

Жаңа жылда бес күн демаламыз

   Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау және 2013 жылғы желтоқсан мен 2014 жылғы қаңтардағы жұмыс күнін ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов демалыс күнін 2013 жылғы 28 желтоқсан сенбіден 2014 жылғы 3 қаңтар жұмаға ауыстыру туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлайды.

Қаулыға сәйкес қажетті өнім шығару, қаржы қызметтерін қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2014 жылғы 3 қаңтарда жұмыс жүргізуге құқық беріледі.

Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.


BNews.kz «www.bnews.kz».