АЛТЫНОРДА
Новости

БЕЙШАРА БАСЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

– Сауд Арабиясында өз туысымен төсек қатынасына барған ер азаматтың басы алынды. Бұл жайында Agence France-Presse жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Хасан Газванидің жазасы Джизан қаласында жүзеге асырылды. Оның нақты қай туысымен жыныстық қатынасқа түскені айтылмайды. Белгілісі, зорланған әйел жүкті болып қалған.

Осыған ұқсас оқиға қазан айында да орын алған болатын. Ол кезде Файхана әл-Гамди есімді дін қызметкері 5 жасар қызын зорлап, өлтіріп қойған болатын. Зинақорды тәртіп сақшылары өлім жазасына кескен жоқ. Өйткені, әйелі, яғни қайтыс болған қыздың анасы жазасын ақшалай өндіруге келісімін беріпті. Нәтижесінде әл-Гамди сегіз жылға түрмеге жабылып, оның арқасынан 800 рет шыбықпен сабаған болатын.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы ең заңы қатал мемлекеттердің бірі. Мұнда кісі өлтіру, зорлау, тонау, есірткі саудасымен айналысу қылмыстарының барлығына өлім жазасы бекітілген. Жыл басынан бері елде 74 адамға жазаның осынау ауыр түрі тағайындалыпты.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/38130