АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақ — Иран ынтымақтастығын дамыту келешегі туралы талқылануда

Астана. 9 қаңтар. Baq.kz — Бүгін Астанада сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран жұмыс тобының 3-ші отырысы өтуде деп хабарлайды ҚР ЭБЖМ.

Күн тәртібінде жұмыс тобының алдыңғы отырысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру, сондай-ақ сауда мен экономика саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың келешегін талқылау болады.
Мәселе Қазақстан мен Иран арасындағы өнеркәсіп және тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп, көлік және логистика, туризм мен мәдениет салаларындағы ынтымақтастық туралы болып отыр,-деп мәлімдеді ҚР ЭБЖМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Қайрат Төребаев.
Қазақстандық жақтың тең төрағасы ретінде– ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі Тимур Жақсылықов қатысса, Ираннан – Иран Ислам Республикасы Өнеркәсіп, тау-кен ісі және сауда министрінің орынбасары, Сауданы дамыту ұйымының төрағасы Валиолла Афхами болды.
Кездесу соңында Қазақстан-Иран жұмыс тобының 3-ші отырысының Хаттамасына қол қойылады деп жоспарлануда

http://baq.kz/kk/news/41883