АСТАНА. 14 қаңтар. BAQ.KZ — Еуропалық орталық банк 10 еуроның жаңа түрін таныстырды.
Ол жалпы айналымға биылғы жылдың 23 қыркүйегінде түседі. Еуропалық орталық банк былтыр 5 еуроны айналымға енгізген болатын. Банк басшылығы кейін 20, 50, 100 және 500 еуроны таныстыру мерзімін жария етуге уәде берді. 2002 жылдан бері қолданыстағы ескі ақшалар да қазіргі айналымнан шығарылмайды. Қазір еуро 334 миллион адам тұратын Еуропаның 18 елінде ресми төлем құралы болып табылады, деп жазады 24.kz.
http://baq.kz/kk/news/42057